• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 12:14:16
Алматы
+35°

16 Шілде, 2018 Спорт

Футболдан Франция құрамасы әлем чемпионы атанды

Ойынның 18 минутында Хорватия құрамасының шабуылшысы Марио Манджукич өз қақпасын автогол салды.

15 шілдеде ӘЧ-2018 финалдық кездесуі Мәскеудің "Лужники" стадионында Франция мен Хорватия құрамалары арасында өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Ойынның 18 минутында Хорватия құрамасының шабуылшысы Марио Манджукич өз қақпасын автогол салды. Алайда оның әріптесі Иван Перишич 28-ші минутта есепті теңестірді. Француз сұрмергені Антуан Гризманн 38-ші минутта есепті еселеді. Поль Погба 59-шы минутта есепті 3:1-ге жеткізсе, алты минуттан соң Киллиан Мбаппе алыстан Хорваттар қақпасынан саңылау таба білді. Марио Манджукич ойынның 69-шы минутында есепті бір ұпайға қысқартты.

Еске салайық, 14 шілдеде футболдан Әлем чемпионатының қола жүлдесі үшін таласта Бельгия құрамасы ұлыбританиялықтардан басым түсті. Ресейдің Санкт-Петербург қаласындағы "Крестовский" стадионында өткен кездесу 2:0 есебімен бельгиялықтардың пайдасына шешілді. Ойынды тамашалуға 64 406 жанкүйер жиналған. 

Ойынның төртінші минутында бельгиялықтардың жартылай қорғаушысы Томас Менье Насер Шадлидің пасын нәтижелі етіп, есеп ашты. 82-ші минутта бельгиялықтардың капитаны Эден Азар есепті еселеді. Нәтижелі пастың авторы Де Брёйне.

Бельгия құрамасы осы әлем біріншілігінде 16 гол салып, ең көп гол салған команда атанды. Сондай-ақ осы құрама тұңғыш рет әлем біріншілігінің қола медалін жеңіп отыр. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір