• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 21:32:37
Алматы
+35°

02 Мамыр, 2019

Фу Лин: Димаштың әлемді жаулап алуының 3 сыры

Ол бельканто тәсілін өте орынды қолданады және бұл әрекеті тыңдарманның жүрегіне жол табуға көп көмегін беруде.

Димаш Құдайбергеновтың мегажұлдыз атанбай тұрып, Қытайдың сахнасына шыққан кезеңдерінде күллі телеарна мен радио, газет-журналдар ол туралы жарыса жазды. Сол кезеңдегі қытайлық журналист Фу Линнің радиода жасаған репортажы бірқатар бізге беймәлім дүниелердің бетін ашты деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

"Менің немерем Димаштың өлеңдерін қайталап тыңдай береді. Сондықтан, мен бұл әншіге назар аудардым", - деп бастады сөзін Фу ЛИн.

Журналист әншінің ерекше жеке стилін қалыптастырғанын, дауыс ырғағымен өте көп жұмыс жасайтынын айта келіп, оның жоғары және төменгі ноталарға жылдам ауысатын қабілетіне таң қалғанын жасырмады.

"Ол бельканто тәсілін өте орынды қолданады және бұл әрекеті тыңдарманның жүрегіне жол табуға көп көмегін беруде. Оның басты ауысу әдістері де керемет. Сондай-ақ, Димаштың классикалық дауысы өте тамаша қойылған. Оның вокалдық қасиеті Витасқа қатты ұқсайды. Тіпті, кейбір жерлердегі орындаушылық қабілеті одан да асып түседі", - деп жалғады Фу Лин.

Сонымен қатар, қытайлық журналист әншінің 1994 жылы дүниеге келгенін, жасының жиырмадан енді асқанына қарамастан, мол тәжірибесіне, талассыз талантына бас иетінін айтуды ұмытпады.

Қазақ әншіні шегіне жеткізе мақтаған қытай журналисі өз музыкаларының да әлемдік стандарттарға, ғалам сахнасына сай болуы қажеттігін атап өтті.

"Неге бізде әлемдік деңгейдегі мегажұлдыз жоқ? Өйткені, біз олардың өсіп шығуына ықпал жасамадық. Сонымен бірге, біздің кейбір идеяларымыз әлі күнге артта қалып келеді", - деп ашынған пікір білдірді ол.

Фу Лин өзінің Димаш туралы пікірін еркін жеткізе отырып, оның ән айтудағы үш басты ерекшелігін атады. Алғашқысы – жоғары және төменгі ноталарға ауысу қабілет. Екіншісі – вокалдық таланты мен дауыстың ашылып-жабылу тракттарын басқаруы. Үшіншісі – демді шығарып-тартудағы тәжірибелілігі.

"Өнер шекараны білмейді. Өнер ұлтты білмейді. Сондай-ақ, өнерді сүю үшін жасың да маңызды емес", - деді Фу Лин.

Фу Лин музыкаға құрмет көрсету қажеттігін, талант пен еңбектің айырмашылығы бар екенін айта келіп, Димаштан көп үмті күтетінін жеткізіп, сөзін қорытындылады.

Аударған: Әділет Мәдениет

Әділет Мәдениет

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір