• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 19:54:19
Алматы
+35°

06 Мамыр, 2017 Фото-баян

Франция президентіне үміткер Макрон 40 жастағы әйелді өз күйеуінен тартып алды

Эммануэль Макронның Францияның президенті болатыны ешкімге құпия емес. Осыған дейін Макронның жеке өмірі барлығына қызық болып келді. Ол жеке өмірін жасырып...

Эммануэль Макронның Францияның президенті болатыны ешкімге құпия емес. Осыған дейін Макронның жеке өмірі барлығына қызық болып келді. Ол жеке өмірін жасырып қалғысы келмеді. Ол өзінен 24 жас үлкен әйелге үйленген деп жазады Қамшы ақпараттық агенттігі.

1993 жылы 17 мамыр күні Макрон мектеп кезіндегі қойылымнан кейін, осы қойылымға көмектескен өзінің мұғалімі Брижит Троньенің бетінен сүйіп алған.

Ол кезде Брижит Троньенің күйеуі мен 3 баласы болған. Макрон өзінен 24 жас үлкендігіне қарамастан өз мұғаліміне өлердей ғашық болған.

Олар ерекше қарым-қатынас өзгелер үйреніскеннен кейін, араға 14 жыл салып барып үйленген. Біраз уақыт бұрын Эммануэль Макрон туралы кітап жарыққа шыққан еді. Бұл кітаптың авторы Энн Фулда атты журналист қыз Макронның өмірі туралы біраз мәлімет жазған.

Марконның отбасы баласының кімге ғашық болғандығын алғашында білмегенге ұқсайды. Олар басында Макрон өзінің сыныптасы Лоуренс Озиерге, Троньенің туған қызына ғашық болды деп ойлап жүрген. Өкініштеріне орай, олар қателесті. 16 жастағы жасөспірім өзінің 40 жастағы мұғаліміне ғашық болғандығын ата-анасы кейін білген.

«Олар тойдың болмауы үшін қолымыздан келгеннің бәрін жасаймыз деген еді»,- деп айтқан  Макрон өзі туралы жазылған кітапта. «Бұл жағдай менің өмірімде қайталанса мен не істейтінімді де білмейтін едім»,- деп те айтты ол. Сол кезде Макронның әке-шешесі Брижитке барып, баласынан 18 жасқа толғанға дейін аулақ жүруін өтінген. Ал әлгі әйел «Мен бұл туралы уәде бере алмаймын»,-деп жауап беріпті.

Сол кезде Макронның анасы: «Сен бұны түсініп те тұрған жоқсын, бірақ сенің өз өмірің бар. Ал ол сенімен бірге болып, бала сүйе алмайды»,- деген. Осы оқиғадан кейін Макрон өз бақытын іздеу үшін Парижге кетіп бара жатып, мұғаліміне «Мен қайта оралған соң, саған үйленемін»,- деп уәде берген.

Өзінің туған жері Амьенге 2 жылдан кейін қайта оралады. Сосын анасына: «мен әлі күнге дейі Брижитті сүйемін. Мені ештеңе де тоқтата алмайтындығын түсінгендеріңізді қалаймын»,- деп шынын айтты. Біраз уақыттан кейін Макронның ата-анасы бұл шешімге көнуге мәжбүр болады.

Қазір 64 жастағы Макронның әйелі 7 немере сүйіп отыр. Ал Макронның өз баласы жоқ. Бірақ ол өз әйелінің немерелеріне бағу арқылы рахат алады екен.  

Дайындаған: Әсел Өтешова

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір