• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 11:24:19
Алматы
+35°

20 Маусым, 2017 NEWS

Француздық тілші Иракта мина жарылысынан қаза тапты

Ирактың Мосул қаласында минаның жарылуынан Франциядан келген тілшілер зардап шегіп, оның біреуі қаза тапты, деп хабарлайды

Ирактың Мосул қаласында минаның жарылуынан Франциядан келген тілшілер зардап шегіп, оның біреуі қаза тапты, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Мерт болған француз журналисінің есімі - Стефан Вильнев. Сондай-ақ, жарылыс кезінде күрд журналисі Бахтияр Хаддад қаза тапты. Тағы екі француз тілшісі жарақат алған. Бұл ақпаратты зардап шеккендердің бірі Самуэль Форе өзінің Twitter-дегі парақшасында растады. Сондай-ақ, ол өзінің әріптестері үшін жаны күйзелетінін жеткізді.

Le Mond-тың дерегі бойынша, қазіргі таңда Форе Бағдатқа эвакуацияланды. Мосулда журналистерді қала үшін күресіп жатқан Ирактың арнайы күштер тобы алып жүрген. Мосулды «Ислам мемлекеті» ұйымының содырларынан азат ету ұрысы 2016 жылдың көктемінде басталған. Оған АҚШ-тың халықаралық авиация коалициясының басшылығымен Ирактың әскері қатысып жатыр.

18 маусым күні әскердің Мосулдағы ескі аудандардың бірінде содырлардың соңғы анклавына шабуыл жасағаны белгілі болды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір