• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 14:24:56
Алматы
+35°

07 Ақпан, 2018 Оқиғалар

Фашистік Германиядағы балалық шақ: Біз мәйіттің аузына тас лақтырдық

Жол бойында қаза тапқан адамдар мен жылқылардың өлексесі шашылып жатты.

Немістер фашистік Германиядағы балалық шақ туралы не біледі, кімнің есінде не қалған? Жақында «Kriegskinder» («Соғыс балалары») атты кітап жарық көрді. Онда балалық шағы соғыспен тұспа-тұс келгендер өз естеліктерін айтып береді. Кітап авторларының бірі, фотограф Фредерика Хельвиг нацистік Германия кезінде өмір сүрген адамдардың бастан өткергенін бүкпесіз жазады.

Qamshy.kz ақпарат агенттігі кітаптан үзінді келтіреді.

Бритта

Бритта 1937 жылы дүниеге келген

«Мен Берлиндегі кішкентай тоғанда ойнап жүрдім. Су бетінде өлген әйелдің мәйіті жүзіп бара жатқанын көрдім», - деп еске алады Дортмундте дүниеге келген Бригитта.

Аға

Вернер, 1936 жылы дүниеге келген

«Біздің үйге қарсы бетте бір неміс асылып тұрғаны есімде. Оны бағанға асып қойған еді. Неміс соғысқа бармай, ескі ғимараттарда тығылып жүрген. Ол бірнеше күн жатты. Оның аузы ашық еді. Біз қызықтап, оның аузына тас лақтырғанбыз. Бірнеше күннен кейін оның денесін алып кетті. Үйге келіп түскі ас ішуім керек еді, бірақ лоқсып тамақ жей алмадым».

«Жол бойында мәйіттер мен жылқылардың өлексесі жатты»

Петер

Петер, 1941 жылы дүниеге келген

«1945 жылы менің туған күнімде мен, анам, әжем және туыстарымыз шығысқа қаштық. Жол бойында қаза тапқан адамдар мен жылқылардың өлексесі шашылып жатты.  Біз сарайда, қираған фабрикада, пойызда қондық. Бізді бомбалады. Туыстарымыздың көбі мерт болды. Анам, әпкем үшеуіміз ғана тірі қалдық. Бір күні орыстар келді. Әпкем Лизбет Гитлердің суреті бар үнпарақ жапсырылған қорапқа тығылды. Анам балалармен бірге отырды. Осылай жасаса, оған ешкім тиіспейді деп үміттенді. Орыс сарбазы жертөледен шығып келе жатқанда мен оның шалбарынан ұстап, «әпкемді жайына қалдыр», - деп айқайладым. Бұл әрекетім үшін ол маған ештеңе істемеді.

«Қарама-қарсы тұрған үйден шу естілді. Барсақ, төсекте анасы мен қызы жатты. Жалаңаш, зорланған. Оларды тамағынан пышақтап өлтірген. Мүрделерін бақшаға көмдік».

Вольф-Дитер

Вольф-Дитер, 1941 жылы дүниеге келген

« Силезиядан шұғыл кету керек екені радиодан хабарланды. Біз шығысқа қаштық. Қарт әйел бізге үйіне түнеп шығуға рұқсат берді. Оның мысығы көп болатын. Біз ас ішіп отырғанымызда мысықтар үстелдің айналасында секіріп, жағымсыз дыбыс шығарды. Әжем оған қатты ашуланды. Әйел бізді үйіне қондырмай, қуып шықты. Біз ескі шахтаға барып тығылдық. Дабыл қағылғанда адамдар шахтаға қарай жүгірді. Шахтаға көп адам жиналды. Шалынып жығылғандар болды. Оларды адамдар таптап кетті. Мысықтар сол әрекеті арқылы бізге қауіпті ескерткісі келген екен ғой».

«Анамның іші қатты ауырды. Ол шыдап жүре берді, бірақ көршім оны ауруханаға апарды. Дәрігерлер оның соқыршек екенін және аппендикс жарылып кеткенін, тек пенициллин көмектесетінін айтты. Оны қара базардан ғана алуға болатын. Әпкем дәріні тапты, бірақ тым кеш еді. Анам менен бір жұтым су сұрағанда қалада жылап жүріп су іздегенім есімде. Анамның денесі иістене бастады. Көп ұзамай анам қайтыс болды».

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір