• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 00:55:51
Алматы
+35°

02 Қазан, 2018 Тарих

Ежелгі қазақтар мұсылман болмаған дегендер "Алпамыс жырын" оқысын

Бұл деректер ежелгі қазақтарды мұсылман болмаған, шаманизм дінінде болған, отқа, суға т.т. табынған деп жалған сөз таратып жүргендерге берілген нақты жауап.

Біреулер кешегі Керей мен Жәнібек және олардың ұлы қағанат құрған атасы Шыңғыс қағанға дейін қазақ деген халық болмаған деп жатадыө. «Алпамыс батыр» дастанының жырланып келе жатқанына бірнеше мыңдаған жылдар өткен және осы жырда олардың діні мұсылман болғаны айқын суреттеледі.

«Алпамыс батыр» жырындағы батырдың тегі қазақ және оның мұсылман екендігін айғақтайтын жыр жолдары:

Ойланды енді бармаққа,

Сол елден хабар алмаққа.

Қазақ болса қайрылып,

Әңгімеге қанбаққа.

Қалмақ болса зарада,

  1. Ойлады қырғын салмаққа.

 

  1. Төгіле басып жөнеді.

Әне-міне дегенше,

Қолтықтан тері келгенше,

Қазақ пенен қалмақтың

Арасына келеді.

 

Қалмақтың түрі жаман-ды.

Иірген қойдай қораға

  1. Қазақты қалмақ қамады.

Жалғыз өзім шырқырап,

Бұзамын қайтіп қамалды?!

 

Қаншама батыр болса да,

  1. Қалмаққа әлі келмеді.

Қорқыныш кетіп қазақтар,

Соңынан бәрі ереді.

Тышқан алған мысықтай

Тамашасын көреді.

 

  1. Сенің де пісті күрішің.

Білмедім өзі қалмақ па?

Қалмақ емес қазақ па?

Егерде қазақ болмаса,

Қалмаққа келген ғазап па?!

 

«Қырайын, – деп ойлады, –

Қазақтың күллі баласын».

Жанына байлап қылышын,

Қолына алды найзасын.

Сәскелік жерден шаншады,

Таптырмайды айласын.

– Осы бүгін қылайын,

Көрінсе қазақ қырайын.

Бұл күшімнің көремін

  1. Қай уақытта пайдасын?

 

  1. Қалмақтардың өлігі

Өртеніп жатыр үйіліп.

Долдыққа симай Қараман,

Тістеніп келед кіжініп.

«Қай жақта, – деп, – қазақтар?»

Қарайды қалмақ үңіліп.

 

Келеді қалмақ қуарып.

Күлді: – қазақ қайда? – деп,

Шұбар атты бала, – деп.

Айқайлап даусын шығарып.

  1. Қараманды көргенсін,

 

  1. Әр төбенің басында

Қазақ пен қалмақ қараған.

Құйындай шауып Шұбар ат,

Өте шықты арадан.

 

  1. Алпамыс қыран келмесе,

Көз жасын Құдай көрмесе,

Қорқыныш кіріп қазақтар,

Көз жеткен еді өлуге.

 

Алпамыс батырдың заманында қазақ халқы түгелдей мұсылман болған. Жырдың өне бойы басты кейіпкерлеріміз Құдай, Алла, Жаратқан, Хақ, Аруақ, Ғайып Ерен Қырық Шілтен, Баба Түкті Шашты Әзіз әулиелерді сан рет ауызға алып сыйынып отырады. Демек, қазақ – қазақ болғалы бері Қазақтың тілінде де, дінінде де Алласы болған.

 «Алмадың, Құдай, жанымды

...Жаратқан жалғыз Құдайым». Жырда Құдай сөзі 23 рет аталып өтіледі.

 

«Тәуекелдеп Аллалап,

...520. «Жақсылық,– дейді,– Алладан». Алла 20 рет аталады.

 

«Жарылқады Жаратқан.

...Оңайдан берді Жаратқан» Жаратқан 7 рет.

 

«Мұсылманға бас бала,

...Мұсылман адам кем еді». Мұсылман 2 рет.

 

«Байбөрі Хаққа налынды:» Хақ 1 рет.

 

«Аруақ мені ұрды» деп,

...Аруақтар тұрды қозғалып». Аруақ 2 рет.

 

«Жаратушы жалғыз Ақ». Жаратушы 1 рет.

 

«Әулие» 6 рет.

 

«Ғайып-ерен қырық шілтен,» 8 рет.

 

«Баба Ата» 5 рет.

«Шашты Әзіз» 5 рет.  Бұл деректер ежелгі қазақтарды мұсылман болмаған, шаманизм дінінде болған, отқа, суға т.т. табынған деп жалған сөз таратып жүргендерге берілген нақты жауап.

Марал Шайхы

 

 

Zhazira Baidaly

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір