• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 22:41:48
Алматы
+35°

23 Қаңтар, 2019 Тарих

Ежелгі өркениеттің өнертабыстары. Римдіктер бізге не берді?

Римдіктер латын әліпбиін, архитектураның озық үлгілерін, әртүрлі терминдерді ойлап тапқан.

Ежелгі Рим бүгінгі өркениеттің негізін ғасырлар бұрын қалап кеткен өз заманының озық мемлекеті болғанын білеміз. Римдіктер латын әліпбиін, архитектураның озық үлгілерін, әртүрлі терминдерді ойлап тапқан. Олар қолданған технологиялар мен өнертабыстарын күнделікті өмірде пайдаға асырып жүрміз.  Qamshy.kz ақпарат агенттігі алғаш рет Ежелгі Рим империясында ойлап табылған, қазіргі күні адамзаттың ажырамас бөлігіне айналған өнертабыстар туралы ақпаратты ұсынады.

Газеттер. Ең алғаш римдіктер  "Acta Senatus" атты жазбалар жинағын шығарған. Оның қазіргі газеттен айырмашылығы, қарапайым халыққа қолжетімсіздігі еді. Оны тек сенаторлар ғана оқи алатын, себебі, мемлекет басқару ісіне қатысты заң жобалары жазылатын болған. Біраз уақыттан кейін Ежелгі Римде б.э.д 27 жылы алғашқы қоғамдық газет ретінде "Acta diurna" шыға бастады.

Орталық жылу жүйесі. Бүгінде көпқабатты үйлерде орталық жүйеден тарайтын жылудың бар болғаны үшін біз ежелгі римдіктерге алғыс айтуымыз керек. Олардағы жылу жүйесі "гипокауст" деп аталған және көбінде орталық моншаларды жылыту үшін қолданылған.

Жол белгілері. Заманауи көлік жүргізушілері көшеде жеңіл әрі жол ережесіне сай оңай жол тауып жүруі үшін біздің заманымызға дейінге эрада римдіктер жол белгілерін ойлап тапқан. Олар өте үлкен тастарға жол айрықтарын, олардың қайда апаратынын белгілеп қоятын болған.

Граффити. Заманауи қабырға суреттерінің өнері «заманауи» деуге мүлде келмейді. Себебі, қазба жұмыстары кезінде б.э.д. 79 жылға тиесілі атақты Помпей қаласының ғимараттарының қабырғаларында граффити суреттері табылған.

Бетон. Ең алғаш қазіргі замандағы бетонның баламасы Мысырдан табылғанымен, Рим Республикасында құрылысқа қолданатын өте берік құйманың қоспасын ойлап тапқан. Ежелгі инженерлер оны жасау үшін теңіз суына әк пен жанартау күлін араластырып, оны кептіргеннен кейін, ғимараттардың құрылысына немесе негізін қалауда қолданған.

Кесір тілігін жасауды да ең алғаш Римдік медицинада қолданған.  Бұл сөздің түбірі «Caesar» яғни, Цезарь деген сөзден шыққан. Аты айтып тұрғандай қазіргі күнде қолданылып жүрген акушерлік көмекті Цезарь ойлап тапқан. Қазір жүкті ананың өміріне қауіп төнетін болса кесір тілігін жасайды. Ал, Цезарь бұл әдісті анасы өлім аузында жатқанда, сәбиді құтқарып қалу үшін қолданған.

Курьерлік немесе жеткізуші компания. Мұндай қызмет түрі де ең алғаш Римде император Августің кезінде пайда болған. "Cursus Publicus" деп аталған жеткізу қызметі маңызды ақпарат пен заттарды адамдарға жеткізумен айналысқан.

Көпір. Осыдан 2000 жыл бұрын ежелгі римдіктер адамзат тарихында алғаш рет көпірлі жолдармен жүрген, олар бүкіл Еуропа аумағында 90 мың шақырымнан астам көпір мен тас жол салған. Жолдардың жоспарлануы асқан дәлдікпен, тапқырлықпен жасалғандықтан, олар осы күнге дейін қолданылып келеді.

Балжан Халық

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір