• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 06:52:37
Алматы
+35°

19 Шілде, 2017 NEWS

EXPO аумағында «Чек талап ет – жүлде ұт» акциясы өтеді

Жүлделер ұтысын ойнату күнделікті сағат 16:00-де өтеді

«Қазақтелеком» АҚ, фискалдық деректер операторы ретінде, «Чек талап ет – жүлде ұт» акциясын бастады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.  Жүлделерді ұтысын ойнату күнделікті сағат 16:00,  ЭСКПО халықаларалық көрме аумағында «Қазақтелеком» АҚ көрнекілік қабырғасы алдында өтеді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы қаулысы бойынша,   «Қазақтелеком» акционерлік қоғамы ортақ пайдаланудағы телекоммуникациялар желілері бойынша салық қызметі органдарына ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді жедел режимде беруді қамтамасыз ететін заңды тұлға болып табылатынын еске саламыз.

Акцияға қатысуға ЭКСПО аумағында орналасқан және www.oofd.kz  порталында тіркелген бақылау-касса машиналарымен берілген чектер қабылданады. ФДО жүйесіне тиесілігін тексеру үшін чектің төменгі бөлігіндегі құжаттың фискалдық ақпаратын қарау керек. ФДО белгісі жоқ чектер жүлделер ұтыс ойынына қатыса алмайды.

«Қазақтелеком» АҚ Корпоративтік сату дирекциясының  Инновациялық қызметтер қызметінің бастығы Ануар Отарбаев: «Чек талап ет – жүлде ұт» акциясы жосықсыз салық төлеушілерді анықтауға,  сонымен қатар, азаматтық белсенділікті және салық сауаттылығын дамыту мақсатында бағытталған. Бұл акцияның бірінші кезеңі. Жылдың аяғына дейін бүкіл ел көлемінде өтетін акцияның екінші кезеңін өткізу жоспарлануда» - деп түсіндіріп өтті.

Ұтыс ойыны тәулік ішінде берілген чектердің арасынан кездейсоқ таңдау жасау әдісімен жеңімпазды таңдау арқылы жүргізіледі.  Бұл ретте, кез келген сомаға берілген чек жеңіс жеткізіп, flash drive, powerbank және басқа бағалы сыйлықтарды ұтып алу мүмкіндігін береді. EXPO — 2017 Astana көрмесі аясындағы жүлделер ұтысын ойнату күнделікті сағат 16:00-де өтеді. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір