• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 02:23:01
Алматы
+35°

06 Қараша, 2018 Әлем

Еуропадағы әскері әлсіз, бірде-бір танкісі жоқ ел

Business Insider» ақпараттық порталы Еуропа құрлығындағы әскери қуаты жағынан ең мықты қай ел екенін анықтады.

"Business Insider" ақпараттық порталы Еуропа құрлығындағы әскери қуаты жағынан ең мықты қай ел екенін анықтады. Рейтингті анықтау барысында әскери салаға бөлінетін қаржы, әскерлердің саны мен елдің дамуы және тағы да басқа факторлар ескерілгенін айта кету қажет.

Ақпараттық портал атап өткеніндей, бірінші орынды әрине Ресей алады. Қазіргі уақытта орыстың 3,5 миллион әскері, 20 мың танкі мен 4 мың ұшағы бар. Ресей жыл сайын қорғаныс саласына 47 миллиард доллар қаражат бөледі.

Еуропа құрлығында әскери саладағы қуатты елдің бірі –Франция. Француз билігі ел қорғанысын дамытуға жыл сайын 40 миллиард доллар қаржы жұмсайды. Олардың әскери қызметкерлер саны–400 мың адамға жуық. Француздарда қазіргі уақытта 11500 танк пен 1000-нан аса әскери ұшақ бар.

Порталдың дерегіне сенсек, үшінші орынды Ұлыбритания алады. Ресей мен Францияға қарағанда ол әскери қорғаныс саласына соншалықты көп қаржы бөлгенімен, оларда әскери техника аз. Олар жыл сайын қорғанысты арттыруға 50 миллиард доллар жұмсайды. Бірақ әскери ұшақ пен танк француздарға қарағанда екі есе аз.

Ал онан кейінгі орындарды Түркия, Германия, Италия, Испания, Польша, Грекия алады.  Ондықтың соңында Украина мемлекеті алады.  

Екінші ондықты Чехия, Швеция, Швейцария, Норвегия, Нидерланды, Румыния, Белоруссия, Дания, Венгрия, Финляндия құрайтынын айта кету керек. Ал армиясы ең әлсіздер қатарында немесе рейтингтің ең соңында

Болгария, Австрия, Словакия, Португалия  мемлекеттері тұр. Ал Бельгия мемлекеті қорғаныс саласына 1 миллиард доллар жұмсайды. Бір қызығы, бұл елде бірде-бір танк жоқ.

«Business Insider» ақпараттық порталының дерегінше, Германияда әрбір үшінші танк пен әскери ұшақ соғысқа дайын тұр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір