• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 03:42:33
Алматы
+35°

04 Қыркүйек, 2017 NEWS

Еуразиялық Топ Баия штаты және Қытай консорциумымен Меморандумға қол қойды

Баия штатының губернаторы Руй Коста душ Сантуш жаңа жұмыс орындарын ашу мен бүкіл штаттың дамуын қамтамасыз етудегі аталған қадамның маңызын айрықша атап айтты

Еуразиялық Топ (ERG) пен Bahia Mineração жылына 20 млн. тонна өнім беретін темір кені өндірісінің жобасына қатысты Баия штаты және қытайлық консорциуммен өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Корпоративтік коммуникациялар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Табиғи ресурстарды өндіру және байыту саласындағы әлемдегі ірі әртараптандырылған жетекші компаниялардың бірі Eurasian Resources Group (ERG немесе Топ), және оның Бразилиядағы жүз пайыздық еншілес кәсіпорны Bahia Mineração («BAMIN») жылына 20 млн. тонна өнім беретін темір кені өндірісі жобасына қатысты Баия штаты және қытайлық консорциуммен жалпы сомасы 2,4 млрд долларлық өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойғанын жариялайды. Жоба BAMIN–нің иелігіндегі Pedra de Ferro темір кені кенішін, терең сулы Porto Sul теңіз айлағы және онымен байланыстыратын FIOL темір жол торабын қамтиды. Меморандумға бразилия және қытай бизнесі өкілдерінің екі жақты кездесуі барысында қол қойылып, салтанатқа Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин мен Брализия Федеративтік Республикасының президенті Мишель Темер қатысты.

Қытай консорциумы China Railway Group, China Communications Construction Company және Dalian Huarui Heavy Industry Group сынды жетекші инфрақұрылымдық әрі машина жасаушы қуатты кәсіпорындардан тұрады. Меморандум  консорциумның BAMIN-мен бірлесіп кенішке, темір жолы мен теңіз айлағына иелік ету, біріктірілген кешенді дамыту мен оны қаржыландыру ісін ұйымдастыруға мүдделі екенін айқындайды. 

Сондай-ақ, Меморандумда Баия штаты Porto Sul айлағына ауыл шаруашылығы өнімдері мен өзге де тауарларды тасымалдауға рұқсат, әрі теңіз бен FIO темір жолына жеңілдіктер бере отырып, жобаны дамытуға қолдау көрсететіні жазылған.

Баия штатының губернаторы Руй Коста душ Сантуш жаңа жұмыс орындарын ашу мен бүкіл штаттың дамуын қамтамасыз етудегі аталған қадамның маңызын айрықша атап айтты.

Меморандум жайында тарқата айтқан ERG директорлары Кеңесінің Төрағасы д-р Александр Машкевич: «Аталған келісім барлық серіктестер үшін маңызды жетістік. Pedra de Ferro кенішін іске қосқаннан кейін ол жыл сайын әлемдік нарыққа 20 миллион тоннаға дейінгі көлемде жоғары сапалы темір кенін тұрақты жеткізіп, әлемдегі озық жеткізушілердің бірі ретіндегі ERG-дің позицияларын нығайта түспек. Мен Баия штатының жобаға қолдау көрсеткеніне ерекше қуаныштымын әрі оның жергілікті экономикаға әкелер артықшылықтарын мақтан тұтанымын. Өйткені Топ өзі жұмыс істейтін барлық қауымдастықтардың орнықты дамуына бар күшін бағыттайды»,- деп түйіндеді сөзін.

 «BAMIN-нің дамуындағы маңызды кезеңді еңсергеніміз үшін мен ерекше қуаныштымын», – деді ERG-дің Бас атқарушы директоры Бенедикт Соботка. Құрлықаралық Bi-Oceanic темір жолына арналған құрылыс блогын құру мен әлемдегі ең тартымды темір кені кеніштерінің бірін игеру ісін ынталандыру мақсатын көздеген аталған жобаның арқасында біз қытайдың бірқатар жетекші кәсіпорындарымен серіктесе жұмыс істеп, Баия штатымен әріптестіктің нығайттық.

Бразилияның солтүстік-шығысындағы Баия шататының Каетите кентінің маңында орналасқан Pedra de Ferro кенішінен жоғары сұрыпты темір кені игерілетін болады. Өндіріске енгізілген соң, кеніштен жылына 20 миллион тонна жоғары сапалы темір кені өндіріліп тұрмақ. Соның ішінде ылғалды өңдеуді қажет етпейтін жоғары сапалы тауарлық темір кені де бар. Pedra de Ferro кенішіндегі шиткізат қорының көлемі мен ауқымы әрі оның логистикалық инфрақұрылымдарға қол жетімділігі кенішті әлемдегі ең экономикалық тиімді кеніштердің бірі етпек.

Porto Sul - Баия, Ильеус қаласының солтүстігінде орналасқан терең сулы теңіз айлағы. Ол көпттонналы ірі су көліктерін қабылдап, BAMIN-нің кендерін жөнелтудің алғашқы қадамына айналмақ. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы және басқа да тауарлардың маңызды тірек экспорт және импорт орталығына айналмақ.

FIOL темір жолы – Бразилияның солтүстік-шығысындағы негізгі тасымал дәлізіне айналатын кең жолақты жаңа темір жол желісі. Кезең-кезеңімен дамып келе жатқан темір жол желісінің алғашқы бұтағы Porto Sul айлағынан елдің ішіне қарай Каетите кентіне дейін 535 шақырымға созылған. Келесі кезеңде торап Бразилияның басты ауыл шаруашылығы  орталықтарына жалғасып одан ары өзге де темір жол желілерімен түйіспек. FIOL темір жолы Бразилия федеративтік үкіметінің меншігі. Өз кезегінде ол концессиялық келісім шарт аясында оны жеке инвесторларға сатуға мүдделі екенін жариялады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір