• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 03:51:01
Алматы
+35°

24 Шілде, 2017

 XIIІ «Еуразия» Халықаралық кинофестивалінің негізгі конкурсына қатысатын фильмдердің көрсетілімдері басталды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Еуразия кинофестивалінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Көрсетілімдер Chaplin Cinemas (Mega Silk Way) кинотеатрында өтіп жатыр. Бүгін негізгі конкурсқа қатысатын 13 фильмнің 3-і киносүйер қауымға ұсынылды. Олар: «Кентавр» (Қырғызстан), «Тыныштық дауысы» (Үндістан), «Ақымақ құс»(Қытай). Әр көрсетілімнің соңында көрермендер фильм авторларына өз сауалдарын қойып, ойларымен бөлісті. Сондай-ақ, бүгіннен бастап қысқаметрлі фильмдер конкурсына қатысатын фильмдердің де көрсетілімдері басталды. Конкурсқа қатысатын 30 фильм бес топқа топтастырылған.

 Негізгі конкурсқа қатысатын фильмдер туралы ақпарат:

«Кентавр» фильмінің аннотациясы: Айлы түнде атақты сәйгүлік жоғалады. Кәсіпкер Қарабай Садыр деген ат ұрлаушыдан күдіктенеді. Сәйгүлікті тапқан Садыр нағыз ұрыны табуға кіріседі. Ұры Кентавр деген лақап атты Қарабайдың туысқаны болып шығады. Фильмнің негізгі өзегі оның мұндай әрекетке не себепті барғанын анықтау болып табылады.

 «Кентавр» фильмінің режиссері: Ақтан Арым Құбат −1957 жылы Қырғызстанның Шу облысы Кунтуу ауылында туған кинорежиссер, сценарист, продюсер, актер. Қырғыз Республикасы Ұлттық киноакадемиясының академигі, Еуропа кино өнері академиясының толыққанды мүшесі. Қырғыз Республикасының халық әртісі. Локарно (Швейцария) ХКФ «Күміс леопард» жүлдесінің, Канн жарнама фестивалінің (Франция) «Қола Арыстан» жүлдесінің, FIPRESCI халықаралық киносыншылары жүлдесінің лауреаты, Канн кинофестивалінің Un Certain Regard және Lа Quinzaine des Realisateurs, Берлин кинофестивалінің Panorama және басқа да фестиваль секцияларының қатысушысы.

 «Тыныштық дауысы» фильмінің аннотациясы: Гималайда туғаннан анасынан айрылған панасыз мылқау бала тұрады. Әкесі қамауға түседі де, бала жалғыз қалып, өмірдің небір қиындықтарына ұрынады. Барар жері, басар тауы қалмағанын түсінген ол будда шіркеуіне барады.

 «Тыныштық дауысы» фильмінің режиссері: «Д-р Биджу (Биджукумар Дамодаран) Үнді кинорежиссері, Үндістан Ұлттық кино жүлдесінің үш дүркін жеңімпазы. Оның тырнақалды «Сайра» атты картинасы Каннда көрсетілген. Ұлттық және халықаралық кинофестивальдердің марапаттау салтанаттарында қазылар мүшесі ретінде бірнеше рет қатысқан.

«Ақымақ құс» фильмінің аннотациясы: Линн әжесі мен атасының қолында өскен. Анасы келіп, оны университетке оқуға түсуге мәжбүрлейді. Оның жалғыз жұбанышы – Маймен екеуінің арасындағы достық. Екеуі бірігіп ұрланған телефондарды сатады. Бір күні Линнің анасы үйге ертерек қайтады…

«Ақымақ құс» фильмінің режиссерлері: Хуан Цзи Huang Ji Хунань провинциясында туған. Пекин киноакадемиясында сахналық өнерді оқыған (2003– 2007). «Жұмыртқа мен тас» деген тырнақалды туындысы Роттердам ХКФ Hivos Tiger Award жүлдесіне ие болған

Рюдзи Оцука 1972 жылы Токиода туған. Жапон телеарнасында деректі фильмдер түсірген. 2005 жылы Қытайға көшіп келген соң кинематогра- фист ретінде фильмдер түсіре бастады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір