• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 07:16:04
+35°

25 Мамыр, 2018 Аймақтар

Европалық компаниялар Алматының көлік реформасына қатысуға ниет білдірді

Алматы әкімі Бауыржан Байбек Европалық реконструкция мен даму банкінің бірінші вице-президенті Юрген Ригтеринкпен кездесті

Европалық компаниялар Алматының көлік реформасына қатысуға ниет білдірді. Бұл жайында Qamshy.kz ақпарат агенттігі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Алматы әкімі Бауыржан Байбек Европалық реконструкция мен даму банкінің бірінші вице-президенті Юрген Ригтеринкпен кездесті. Тараптар мегаполистегі ірі инфрақұрылымдық жобаларды бірігіп жүзеге асыру мәселелерін талқылады.

Бүгінгі күні ЕРДБ экономикалық реформаларды жүзеге асыру мен инфрақұрылымды дамытуда еліміздің жетекші қаржы серіктесі болып табылады. Юрген Ригтеринк өзінің сөзінде ЖРК және ТЭЦ-2 газдандыру сынды жобалардың банктің әлеуметтік және экономикалық бағыттағы стандарттарына сай келетінін айтты.

Мегаполис басшысы көлік жүйесін басқарудың әлемдік жетекшілерінің біріне айналған және қоғамдық көлікті пайдаланудың цифрлы шешімдерінің кең спектрін ұсынатын француздың «Transdev» компаниясы басшылығымен де кездесті.

Латын Америкасы, Оңтүстік Европа, Таяу Шығыс пен Солүтстік Африкадағы «Transdev» тобының президенті Бруно Шаррад қаланың көлік реформасын жүзеге асыруға белсенді түрде қатысуға және осы істегі ынтымақтастыққа қызығушылық білдірді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір