• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 03:53:18
Алматы
+35°

26 Қыркүйек, 2017 NEWS

Еврей қалашығында болған шабуылда үш израильдік мерт болды

Иерусалимде Израильдің үш шекара маңы полицейі өлтіріліп, тағы біреуі ауыр жарақат алды деп хабарлайды

Иерусалимде Израильдің үш шекара маңы полицейі өлтіріліп, тағы біреуі ауыр жарақат алды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Палестинадағы Батыс жағалауда шабуылдаушы еврей елді мекеніне оқ атты.

Полиция өкілі Луба Самридің айтуынша, Гар Адардың қауіпсіз қоғамын қорғайтын офицерлерін жарақаттағаннан кейін күдікті атылды.

20 және 30 жас аралығындағы зардап шегушілер оқиға орнында қайтыс болды. Төртінші адам ауыр жағдайдағы ауруханаға жеткізілді,-деп мәлімдеді Израильдің «Magen David Adom» медициналық қызметінің өкілі - Нир Бузалго.

Күдікті, 37 жастағы Бейт Созик ауылынан шыққан палестиналық, ол күндізгі жұмысшылармен тілдеспек болған.

2015 жылдың қыркүйек айынан бастап палестиналықтар 48 израильдікті, екі американдықты және британдық туристерге шабуыл жасаған.

Дәл сол жылы Израиль күштері 255-ден астам палестиналықтарды өлтірген. Израиль тарапының айтуынша, олардың көпшілігі шабуылдаушылары болған, қалғандары Израиль күштерімен қақтығыс кезінде қайтыс болған. Шабуылдардың басым бөлігі ең алдымен Батыс жағалауында қауіпсіздік күштеріне қарсы болған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір