• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

17 Сәуір, 03:44:07
Алматы
+35°

26 Қыркүйек, 2018 NEWS

Этникалық қазақтарды тарихи отанындағы отбасымен біріктіру үшін не істей аламыз?

Бұл ретте туыстар деп - үлкен атасы мен үлкен әжесіне дейінгі ортақ жақындығы бар туыстық қатынастағы адамдар саналады.

Алматы қаласы Мемлекеттік еңбек инспекциясы және көші-қон басқармасының көші-қон бөлімі  қала тұрғындарына мына жағдайды хабарлайды: Қазақстан Республикасының «Халықтың көші-қоны туралы» Заңына сәйкес, еліміздің азаматтары шет елдерде тұратын этникалық қазақтардың туыстарын атамекендегі отбасымен біріктіру мақсатында қоныстандыруға шақырту қағазын жібере алады.

Бұл ретте «Отбасын біріктіру туралы» шақырту қағазы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушы атынан 2016 жылғы 13 қаңтардағы №13 бұйрығымен бекітілген қағидамен реттелетін болады.

Ескертетініміз, өтініш беруші – шет елдерде тұратын этникалық қазақтарды тарихи отанындағы туған-туыс, отбасымен біріктіру үшін қоныстандыру мақсатында өтініш білдіретін адам Қазақстан Республикасының азаматы болуы тиіс. Бұл ретте туыстар деп - үлкен атасы мен үлкен әжесіне дейінгі ортақ жақындығы бар туыстық қатынастағы адамдар саналады. Демек, Қазақстан Республикасының азаматтары шет елдерде тұратын этникалық қазақтарды ата-жұрттағы отбасымен біріктіру мақсатында қоныстандыру үшін өтініш білдірген жағдайда, Алматы қаласы Мемлекеттік еңбек инспекциясы және көші-қон басқармасына өтініш білдірушілердің шақырулары өтініштерін қабылдаған күннен бастап, бес жұмыс күні ішінде қаралады және куәландырылады.

Ал егер өтініш білдіруші Қағидада көзделген құжаттарды толық көлемде ұсынбаған және (немесе) белгіленген нысан бойынша толтырмаған жағдайда, онда Басқарма үш жұмыс күні ішінде өтініш берушіге жазбаша негіздемеде (ұсынылмаған және (немесе) белгіленген нысан бойынша толтырылмаған құжаттарды көрсете отырып) жауап жазып, қайтарып жібере алады.

Жалпы Алматы қаласы Мемлекеттік еңбек инспекциясы және көші-қон басқармасы Төле би көшесі, 155-үй мекен-жайында орналасқан.

К.Галиева,

Алматы қаласы Мемлекеттік еңбек инспекциясы және көші-қон басқармасы 

Көші-қон бөлімінің басшысы

Nazerke Labihan

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір