• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 05:12:27
Алматы
+35°

01 Қазан, 2018 Әлеумет

Ескі фотоның тарихы. Жапондық бала өз інісін өртеуге әкелді

Бұл суретті 1945 жылы Жапонияда америкалық фототілші Джо О^Доннел түсірген.

Бұл суретті 1945 жылы Жапонияда америкалық фототілші Джо О^Доннел түсірген. Суреттің мағынасы терең, айтары көп. Фототілші мұны былай суреттеді:

«Мен он жас шамасындағы баланы көрдім. Арқасына сәби арқалап алған.

Ол күндері Жапонияда іні-қарындастарын арқалап ойнап жүрген талай баланы көрдім. Алайда бұл баланың жағдайы бөлек еді. Сәбиді арқалап алуының нақты бір себебі барын түсіндім.

Аяғында аяқ киімі жоқ. Жүзі қатал. Ал сәбидің басы тербеліп келеді, ұйықтап жатқан шығар деп ойладым. Балақай діттеген орнына келіп 5 немесе 10 минут үнсіз тұрды.

Кейін ақ бетперде киген адамдар балаға жақындап жібін шеше бастады. Сөйтіп сәбиді жалындап тұрған оттың үстіне қойды.

Бала отқа қарап үнсіз тұр. Астыңғы ернін қатты тістеп алғаны сонша қанап кетті. Біраз тұрған соң бұрылды да, тып-тыныш кете барды».

АҚШ 1945 жылы 9 тамызда Нагасаки қаласына атом бомбасын тастаған. Соның салдарынан 140 мыңға жуық адам ажал құшты. Тірі қалғандары ауыр дертке шалдықты. Өлген адамдардың денелері бұзылып, тері ауруларына ұласпас үшін ашық пештерде өртелді. Ал шешесі қайтыс болған суреттегі баланың кішкентай бауыры да жарылыстың кесірінен көз жұмды. Інісін өртеу пешіне өз қолымен әкеліп отыр. Ол уақытта өзге денелер өртеліп жатқан еді. Балақай отандастарын ақтық сапарға тік тұрып шығарып салды. Тіпті көзіне бір түйір жас та алмады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір