• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 03:44:33
Алматы
+35°

13 Қараша, 2018 Әлеумет

Ескендір Сүлейменовтің қазасы: Полковниктің қызына үкім шықты

Малика Мұхитова  енді жазасын қоныс калониясында өтейтін болады.

Олжас Сүлейменовтың немересінің қазасына байланысты осы уақытқа дейін сотта жауап берген Қызылорда облыстық  ішкі стер департаменті басшысының қызы Малика Мұхитоваға қатысты сот үкімі шықты. Ол «жол апатына тікелей айыпты» деп танылып, 2 жылға бас бостандығынан айрылды. Малика Мұхитова  енді жазасын қоныс калониясында өтейтін болады.

–«Малика Қайратқызы  Мұхитова Қылмыстық кодекстің 345-бабының 3-бөлігі бойынша айыпты деп танылсын. 2 жылға бас бостандығынан айырылып, жазасын қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің қоныс колониясында өтесін, 5 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылсын”, – деді  үкімді оқыған судья Қанат Тобағалиұлы.

Егер айыпталушы жақ сот шешіміне келіспесе, 15 күннің ішінде қарсы шағым түсіре алады.

Ескерте кетейік, Олжас Сүлейменовтың немересі қаза тапқан жол-көлік оқиғасы 2018 жылдың 22 маусымында Астана қаласындағы Мәңгілік ел мен Керей-Жәнібек даңғылының қиылысында орын алғаны белгілі. Ал Малика Мұхитованың "Самұрық-Қазына" әл-ауқат қоры компаниясында жұмыс істейтінінін айта кеткеніміз жөн.

Берік Бейсенұлы

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір