• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 02:54:26
Алматы
+35°

19 Мамыр, 2019 Әлем

Ешқандай резиденция керек емес: Зеленский қайда тұратынын мәлімдеді

Мен резеденцияда тұрудың ешқандай себебін көріп тұрған жоқпын...

Украинаның жаңа сайланған президенті Владимир Зеленский қызметке кіріскеннен кейін мемлекеттік резиденцияны пайдалану құқығына ие. Алайда президент, ол жерде тұруға құштар емес екендігін және оны «балаларға беру» мүмкіндігін қарастырып жатқанын мәлімдеді, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі РИА Новости сайтына сілтеме жасап.

Жаңа президенттің алдағы уақытта қайда тұратыны құпия күйінде қалып отыр. Алайда қазіргі таңда Украинаның жаңа басшысы Киев маңындағы Иванкович ауылындағы элиталы "Поместье" қалашығындағы өз коттеджінде тұрып жатыр.

Оның мәлімдемесіне сәйкес, Зеленский ауданы 353 шаршы метр болатын үйді 2008 жылы 815 мың гривенге (шамамен 31 мың доллар) сатып алған.

Егер Зеленский қызметке орналасқаннан кейін өз үйінде қалуды шешсе, президент әкімшілігіне дейін отыз шақырымдық жерді жүріп өтуіне тура келеді. Егер кептелістерді есептесек, бір-бір жарым сағатта жетеді.

Зеленский кептеліс туындатпау үшін, президент әкімшілігін Киевтің орталығынан басқа жерге ауыстыру ойы бар екенін мәлімдеген.

«Кептелісте тұру – сұмдық. Саясаткерлер үшін не себепті халық қиналуы керек? Мен резеденцияны кептеліс болмайтын жерге ауыстырамын. Жай ғана Киевтен басқа жерге көшіремін», - деген болатын Зеленский.

«Мен резеденцияда тұрудың ешқандай себебін көріп тұрған жоқпын. Мысалы, сіз бен біз Еуропаға бара қалсақ, үлкен корольдердің резеденцияларын көреміз. Ол қазір не? Оның барлығы тек қана аралап, тамашалауға арналған орындарға айналған», - деді.

 

Дайындаған: Маржан Сәбет

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір