• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 19:31:30
Алматы
+35°

03 Қыркүйек, 2018 NEWS

Ержан Тәтішевтің өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды

Айып расталса, Мұхтар Әблязов өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

ҚР Бас прокуратурасы «БТА банк» АҚ бұрынғы басқарма төрағасы Ержан Тәтішевтің өлімі бойынша Мұхтар Әблязовқа қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары аяқталды. Бұл туралы ҚР Бас прокуратысының баспасөз қызметі хабарлады. 

2018 жылдың 17 тамызында Әблязовтің ісі ҚР Қылмыстық кодексі 28-баптың 3-бөлімі және 96 баптың 2-бөлімінің «ж, з» пункттеріне сәйкес квалифицияланған.

Бас прокуратура Қылмыстық процессуалдық кодекстің 294-бабына сәйкес күдікті Әблязов пен оның қорғаушысына қылмыстық іс материалдарымен таныса алатынын абарлады.

Сонымен қатар, Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 296-бабына сәйкес, күдікті тергеу материалдарымен таныса отырып өзі де қосымша өтініш бере алады әрі тергеу әрекеттеріне қатысты шешім қабылдай алады.

Қылмыстық іспен танысу процесі 2018 жылдың 5 қыркүйегінде мына мекен жай бойынша өтеді: Алматы қаласы, Бөгенбай батыр көшесі, 145 үй (Бас прокуратураның Алматыдағы ғимараты)

Айта кетейік, Мұхтар Әблязовқа «Ержан Тәтішевтің өлімін ұйымдастырды» деген айып тағылып отыр. Айып расталса, Әблязов өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір