• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 15:46:05
Алматы
+35°

17 Мамыр, 2019

Ержан Максим Нұр-Сұлтан қаласында алғашқы концертін береді

Концертте, сонымен қатар, әнші Сәкен Майғазиев, Мөлдір Әуелбекова, Ренат Гайсин, Айқын Төлепберген өнер көрсетеді деп жоспарлануда.

28 маусымда қазақстандық жас әнші Ержан Максим Нұр-Сұлтан қаласында жеке ән кешін береді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап.

"28 маусымда "Қазақстан" орталық концерт залында Ержан Максимнің концерті өтеді", - деді брифингте мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Жас дарынның шығармашылық кешін мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырып жатыр.

Концертте, сонымен қатар, әнші Сәкен Майғазиев, Мөлдір Әуелбекова, Ренат Гайсин, Айқын Төлепберген өнер көрсетеді деген жоспар бар.

Еске салсақ, Ержан Максим Ресейдің "Голос.Дети" жобасының алтыншы маусымына қатысып, екінші орын алған Оралдан шыққан өнерпаз болатын. Алайда, дауыс беру кезінде заңсыз әрекеттер орын алғандықтан, Бірінші арна байқау нәтижесі күшін жойғанын мәлімдеді. 

Оқи отырыңыз, ♦Бірінші арна "Голос.Дети." байқауы нәтижесінің күшін жойды

 

Ұсынған: Мақпал Сембай

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір