• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 04:23:24
Алматы
+35°

29 Сәуір, 2019 NEWS

Ержан Максим: Димаш ағам маған ескерту жасады

Сондай-ақ Димаш кішкентай талантты әншіге ескерту жасапты.

Бүгін министр Арыстанбек Мұхамедиұлы "Голос дети" атты ресейлік байқаудың финалында өнер көрсеткен Ержан Максимді қабылдады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Аталмыш шарада Ержан Максим танымал әнші Димаш Құдайбергенге ұқсағысы келетінін айтты. Сондай-ақ Димаш кішкентай талантты әншіге ескерту жасапты.

"Мен Димаш ағамдай болсам деймін. Оған үлкен алғысымды айтамын. Мен Алла Пугачевамен кездесер кезде Димаш аға видеоқоңырау арқылы хабарласып, мені құттықтады. Ресейде "спасибо" деп айтып үйреніп қалыппын. Кейін Димаш ағам маған "қазақша сөйле" деп ескерту жасады", - дейді Ержан Максим. 

Ұсынған: Әсел Болатқызы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір