• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 19:18:17
Алматы
+35°

17 Қаңтар, 2017 NEWS

ЕРМҰХАН БЕКМАХАНОВ ПЕН КЕНЕСАРЫ ХАН ТУРАЛЫ ФИЛЬМ – АМАНАТ(ТОЛЫҚ НҰСҚА)

Қазақ тарихының жанашыры, «XIX ғасырдың 20-40 жылдарындағы Қазақстан» атты еңбектің авторы Ермұхан Бекмаханов туралы фильмнің желісі бірнеше уақыт...

Қазақ тарихының жанашыры, «XIX ғасырдың 20-40 жылдарындағы Қазақстан» атты еңбектің авторы Ермұхан Бекмаханов туралы фильмнің желісі бірнеше уақыт аралығын қамтиды: XIX ғасырдың орта тұсы Кенесары ханның тәуелсіздік жолындағы күресі, XX ғасырдың ортасы және 60-жылдардың соңы. Тарихи туындыда қазақтың соңғы ханы Кенесары Қасымов бастаған ұлт-азаттық көтеріліске арналған зерттеулері үшін 25 жылға бас бостандығынан айырылған тоталитарлық жүйенің құрбаны, алаш арысы Ермұхан Бехмахановтың тағдыры баяндалады.

Фильмнің режиссері және сценарий авторы - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлық лауреаты, Франция киноакадемиясының Жорж Садуль атындағы сыйлығының лауреаты Сатыбалды Нарымбетов.

Фильмде басты кейіпкер Ермұхан Бекмахановтың рөлін Берік Айтжанов, Халима Бехмаханованың рөлін Қарлығаш Мұхамеджанова сомдады. Кенесары хан рөлінде Санжар Мәдиев ойнайды. Сондай-ақ, фильмге Әзиз Бейшенәлиев, Құралай Анарбекова, Ерден Телемісов, Азат Нұртаев, Шынар Жанысбекова, Ажар Ыбыраева, Артем Митнев қатысқан.

Nurgali Nurtay

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір