• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 20:54:26
Алматы
+35°

06 Шілде, 2017 Ұлы көш

Ерлан Төлеубайдың әні — Әлемде бар қазақта бір отан бар (ВИДЕО)

ҚР тәуелсіздігінің 25 жылдығы және Қазақ көшінің 25 жылдығы аясында 

ҚР тәуелсіздігінің 25 жылдығы және Қазақ көшінің 25 жылдығы аясында «Әлемде бар қазақта бір отан бар» атты ән жарыққа шықты деп хабарлайды Qamshy.kz. Ибрагим Ескендірдің орындауындағы ән Дүниежүзі қазақтарының жалғыз отаны — Қазақстан екенін баса айтады.  Ерлан Төлеубайдың әнін Ибрагим Ескендір орындаған.

Қазақстан тәуелсіздік алуға санаулы күндер қалғанда-ақ, 1991 жылы 18 қарашада Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі «байырғы ұлт адамдарының басқа республикалардан және шет елдерден Қазақ КСР-ына көшіп келуі тәртібі мен шарттары туралы» қаулы қабылдады. Бұл заңның аясында Атажұртқа ұлы көш басталды. Президент Назарбаевтың «Қазақстан - әлемдегі барша қазақтың құтты қара шаңырағы» дегені қандастарымыздың көшіне қамшы басты.

Алғашқылардың бірі болып жеткен абыз ақсақал Халифа Алтай туған жердің топырағын маңдайына басып, сүйіп сәжде етті. Түркиядан, Монғолиядан арнаулы ұшақтармен көштің алды келе бастады. Атажұртты аңсаған көзі ашық, көкірегі ояу, мүмкіндігі бар азаматтар еш іркілместен аттарының басын Атамекенге бұрды. Оның дәлелі Мұстафа Өзтүрік сияқты әлемді мойындатқан, атақ пен абыройға ие азаматтардың елге келуі.

Шетел қазақтарымен бірге қара шаңыраққа тарихи мәдениетіміз, ұлттық әдебиетіміз, асыл мұра ән мен биіміз, күй мен жырымыз оралды. Алдыңғы буын өзі қанаттанған жұрттан көрген өнер-білімін, ғылымы мен техникасын елдің игілігіне жаратты. Мемлекет шетелдегі қандастарымызды шақырып қана қойған жоқ, жат жұртта жұтылып кетпесін деп жастарын оқытуды қолға алды. Шетелдегі қазақ жастары Атажұртта тегін білім алып, еңбекке араласты. Шетелден келген ағайын Атажұртының гүлденуіне экономикалық, демографиялық, рухани, әдеби-мәдени үлес қосып, қазақтың керегесі кеңейіп, қабырғасы бүтінделе түсті.

Осының нәтижесін, көші-қонның жетістігін 2014 жылы Елбасы «Біз 1 миллион ағайынды елге қайтардық!» деп мақтанышпен жариялады. Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайында да Елбасы Назарбаев әлемдегі қазақтарды Атажұртқа оралуға шақырды.

Патриоттық әндермен танылып жүрген Ибрагим Ескендірдің орындауындағы жаңа ән де барша қазақтарға Атажұртқа оралуды насихаттайды. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір