• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 14:42:25
Алматы
+35°

21 Қаңтар, 2019 NEWS

Ерлан Нұрғалиевті өлтірді деген күдіктілер ұсталды

Айғақтарды жинау және бекіту мақсатында тергеу шаралары жүріп жатыр.

Инспекторды өлтірді деген күдіктілер Қызылордада ұсталды. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz тілшісіне сілтеме жасап хабарлайды.

"Бүгін ІІМ Қызылорда облыстық криминалдық полиция департаментінің қызметкерлері жеке үйде арнайы операция жүргізу нәтижесінде Охотзоопром"ӨБ" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорнының инспекторы Нұрғалиев Ерлан Балғабекұлын өлтірді деген күдіктілерді ұстады. 13 қаңтарда Қарағанды облысы Нұра ауданы аумағында қызметтік бабында рейд шаралары барысында оған браконьерлерлер шабуыл жасаған", - деді ІІМ ішкі және сыртқы коммуникациялар департаментінің директоры Алмас Садубаев.

Айғақтарды жинау және бекіту мақсатында тергеу шаралары жүріп жатыр. Үш күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу шаралары жалғасады.  Осыған дейін, "Охотзоопром"ӨБ" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорнының браконьерлер шабуылынан зардап шеккен инспекторы оқиға жайлы айтып берді. 

♦Ерлан Нұрғалиев "Ерлігі үшін" медаліне  ұсынылды

Охотзоопром "ӨБ" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорны инспекторлары Петр Ницык пен Ерлан Нұрғалиев 2019 жылы 13 қаңтарда шамамен 18:00-де Қарағанды облысы Нұра ауданына рейдке шыққан. Онда олар бес өлі киікті тапқан. Сонымен қатар, олар мемлекеттік тіркеу нөмірі жоқ Toyota Land Cruiser маркалы екі автокөлікті байқап, біреуін тоқтату мүмкін болған. 

♦"Ерлан Нұрғалиевті қайтыс болған соң танып жатырмыз, себебі ол..."

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір