• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 13:30:15
Алматы
+35°

06 Желтоқсан, 2017 NEWS

ERG «Парыз» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі байқауында Гран-при алды

Еуразиялық Топтың әлеуметтік инвестицияларындағы жеке блок – демеушілік және қайырымдылық.

«Парыз» республикалық конкурсында Еуразиялық Топ бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша гран-при иегері атанды. Бұл жоғары марапатты Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Eurasian Resources Group директорлар Кеңесінің төрағасы Александр Машкевичке табыстады.

«Бүгін Мемлекет басшысының қолынан осындай жоғары марапатқа ие болғанымызға өте қуаныштымыз, әрі Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа бізге осындай баға беріп, қолдау көрсеткені үшін ризашылығымызды білдіреміз. Еуразиялық Топқа «Парыз» байқауының гран-приінің берілуі тұрақты даму саласындағы және әлеуметтік жауапкершіліктегі біздің таңдаған стратегиямыздың дұрыстығын дәлелдейді. Елбасы жариялаған Қазақстанның Үшінші жаңғыруының төртінші басымдығына сәйкес, Eurasian Resources Group адами капиталдың сапасын көтеру арқылы өзінің әлеуметтік қызметін одан әрі жалғастырады», - деді ERG директорлар Кеңесінің төрағасы Александр Машкевич.

Айқын көрсеткіштердің бірі – компанияның 2012-2016 жылдардағы әлеуметтік инвестициялары 100 млрд теңгеден асты. Осы кезеңде ERG компаниясы жұмысшыларды әлеуметтік қорғауға және әлеуметтік саланы қамсыздандыруға 47 млрд теңгеден астам қаржы жұмсады. Осылайша, Еуразиялық Топ әлеуметтік әріптестік институтын дамытуға, әрі еңбек ұжымдарында келісім пен тұрақтылықты сақтауға ықпал етеді.

Еуразиялық топ 2015 жылы өз қызметкерлері үшін «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» АҚ-мен жалдамалы тұрғын үйді жүзеге асыру туралы келісімге қол қойды. Бұдан бөлек, Топ кәсіпорындарында денсаулық сақтау мен кәсіби аурулардың алдын-алу, қызметкерлердің біліктілігін арттыру бойынша тиімді бағдарлама жүзеге асырылуда.

       «Соңғы бес жылда 27 мыңнан астам адам білімін жетілдірді. Осы мақсаттарда ERG 2012-2016 жылдары 3,6 миллиард теңгеден астам қаржы салды. Топтың әрбір дерлік компаниясында өздерінің оқу орталықтары қызмет етуде», - деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

       Корпорация сондай-ақ, өз кәсіпорындары жұмыс істейтін өңірлерде 62 білім беру мекемесімен бірлесе дуальді білім беру жүйесі бойынша кадрлар даярлауға атсалысуда. Тек қана 2013-2016 жылдары топтың кәсіпорындарына 2500-ден астам түлек жұмысқа орналасты, өндірісте шамамен 11 000 адам тәжірибеден өтті.

Еуразиялық Топтың әлеуметтік инвестицияларындағы жеке блок – демеушілік және қайырымдылық. Осы мақсаттарға соңғы бес жылда ERG 53 млрд теңгеден астам қаражат жұмсады.

Компания жыл сайын өз кәсіпорындары орналасқан төрт облыс – Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай және Павлодарда маңызды әлеуметтік-экономикалық жобаларды жүзеге асырады. Осы аймақтардың әкімдіктерімен өзара ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылып келеді. Сондай-ақ, стратегиялық «Туған жер – Родные города»  бағдарламасын іске қосты. Оның негізгі мақсаты - ERG компаниялары жұмыс істейтін өңірлердегі жұмысшылар мен бүкіл қоғамның игілігі үшін, топтың әлеуметтік инвестицияларының барынша тиімді жұмыс істеуі

Тек 2016 жылы Еуразиялық топ «өз» облыстарының әкімдіктерімен жалпы сомасы 5,1 млрд теңге болатын меморандумдарға қол қойды. Биылғы жылы осы инвестициялардың көлемі 7 млрд теңгеге дейін өсті.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір