• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 22:13:39
Алматы
+35°

17 Мамыр, 2018 Саясат

Ердоған БҰҰ-ны айыптады

Ердоғанның айтуынша, ұйымның жағдайы әдбен нашарлап кеткен.

Түркия президенті Тайып Ердоған БҰҰ-ны әлемдік проблемаларды шеше алмайды деп айыптады. Мұндай мәлімдемені президент он шақты палестиналықтың Газ секторында көз жұмып, сол аймақта орнаған қақтығыс кезіндегі БҰҰ әрекетсіздігіне қатысты жасаған деп хабарлайды РИА Новости.

Ердоғанның айтуынша, ұйымның жағдайы әдбен нашарлап кеткен.

«Егер аталған қақтығыстар әлемнің басқа түкіпірінде болып жатса, бүкіл әлемде қарсылық пен наразылық басталар еді. Алайда әлемдік қоғамдастық Израильдің палестиналықтарға қарсы әрекетіне бейжай қарап отыр»,-деді Ердоған.

Президенттің айтуынша, БҰҰ Израиль билігінің бейбіт жатқан палестиналықтарға қарсы әрекеттеріне тосқауыл болуы керек. «Егер израильдік жауыздыққа жауап қайтарылмаса әлемде баскесерлер билеген бейберекетсіз орнайды»,-дейді ол.

 Осыған дейін Ердоған АҚШ-ты Израиль саясатына болысатынын айтып айыптаған.

Айта кетейік, Газ секторындағы тәртіпсіздіктер дүйсенбі күні басталған. Израиль сарбаздары наразылық  акциясына шыққан халыққа оқ атқан. Қақтығыстар нәтижесінде 61 палестиналық көз жұмып, мыңнан аса бала жараланған. Осыған байланысты Палестина мен Түркия үш күндік аза тұту күнін жариялады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір