• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 20:28:44
Алматы
+35°

01 Ақпан, 2019 Әлем

Шешенстанда 130 жастағы ұзақ жасаған әже  қайтыс болды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі ria.ru сайтының дерегін негізге алып. Бұл туралы кейуананың немересі Ілияс Әбубәкіров хабарлады. Кока Истамбулова ең кәрі әйел ретінде  Гиннестер рекорды кітабына енбеген. Алайда зейнетақы қоры Кока Истамбулованың 130 жаста екенін растады. 

Немересінің айтуы бойынша, қарт әйелдің есте сақтау қабілеті өте жақсы болыпты. Сондай-ақ революцияға дейінгі оқиғаларды жиі еске алып отырған. Тек соңғы күндері көру қабілетінен айырылып, қолын қозғалта алмай қалған.

"Әжем денсаулығына қатысты ешқандай шағым айтпады. Бізбен кешкі ас ішкен кезде әңгіме айтып, әзілдесіп отыратын. Кейін оның жағдайы күрт төмендеп, кеуде тұсының ауырып тұрғанын айтқан соң жедел жәрдем шақырдық. Дәрігерлер әжемнің қан қысымы көтерілгенін айтып, дәрі екті. Аз уақыттан соң әжем о дүниелік болды. Еш қиналмады. Тыныш қана дұғасын айтып өмірден өтті", дейді Ілияс Әбубәкіров. 

Аударған: Әсел Болатқызы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір