• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 18:29:43
Алматы
+35°

31 Шілде, 2018 Саясат

Ресейдің «Энергомаш» ҮЕҰ директоры Игорь Арбузов  ауыр классты зымыран тасығыш «Протон-М» қозғалтқыштарын өндіру осы жылдың соңында тоқтайды деп мәлімдеді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ресейлік ақпарат құралдары таратқан хабарға сүйеніп.

«Хруничев атындағы мемлекеттік ғылыми-өндірістік орталығымен жасалған талап шеңберінде қозғалтқыштарды өндіру биыл Пермьде тоқтатылады. Егер «Протон» зымырандарын ұшыруға жаңа келісімшарттар болмаса, келесі жылдан бастап осы қозғалтқыштар шығарылмайды», - деді Арбузов. Алайда Арбузов балама қозғалтқыш қандай болатынын айтпаған.

Жақында ғана «Роскосмос» жаңа «Союз-5» зымыранын жасайтынын мәлімдеген. 2022 жылға қарай дайын болатын ракетаға 61 миллиард рубль қаржы бөлінген. Дмитрий Рогозин Twitter жазбасында «Энергомаш» базасында зымыран қозғалтқыштарын жасайтын корпорация құру туралы жазған.

Қазақстан мен Ресей арасында Байқоңыр ғарыш айлағын жалға беру туралы 1994 жылғы келісім-шарт жасалған. Екі елдің президенттері 2004 жылы ғарыш айлағын жалға беру мерзімін 2050 жылға дейін ұзартқан.  

Экологтар, белсенділер «Протон» қозғалтқыштарындағы гептил отыны аса зиянды екенін айтып дабыл қағып келеді. 2015 жылы Құзырлы орындар берген сан бойынша 130 мыңнан астам киік қырылып қалды. Протон ұшатын Байқоңырмен көршілес облыстарда мал қырылды. Алайда мемлекет бұны протонның зардабы деп ресми танымады.

Nurgali Nurtay

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір