• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 23:23:16
Алматы
+35°

21 Қаңтар, 2019 NEWS

Енді зейнетақы жинағын SMS арқылы тексеруге болады

Осы уақытқа дейін бұл қызмет түрін электронды цифрлық қолтаңбамен ғана пайдалануға болатын еді.

5 қаңтардан бастап бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының салымшылары қорда қанша ақшасы бар екенін eGov.kz сайтынан бір реттік SMS құпия сөздің көмегімен біле алады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі sputniknews.kz сайтының дерегін негізге алып. 

Осы уақытқа дейін бұл қызмет түрін электронды цифрлық қолтаңбамен ғана пайдалануға болатын еді.

"Салымшы сұратым жібергеннен кейін азаматтардың mGov мобильді базасында тіркелген нөміріне құпия сөз жазылған SMS келеді", — деді зейнетақы қорының баспасөз қызметіндегілер.

Бұдан өзге зейнетақы салымдары туралы ақпаратты БЖЗҚ кеңсесіне барып немесе жазбаша өтініш өткізгеннен кейін, БЖЗҚ-да тіркелген электронды пошта арқылы, сондай-ақ, электронды цифрлық қолтаңбаның көмегімен БЖЗҚ порталындағы жеке кабинет немесе eGov.kz электронды үкімет сайтындағы жеке кабинет арқылы алуға болады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір