• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 08:02:24
Алматы
+35°

23 Ақпан, 2019 Экономика

Енді теңгеге мәтін тек қазақ тілінде жазылады

Бұдан былай банкноталар мен монеталарда мәтіндер тек мемлекеттік тілде жазылады. Бұл туралы Қазақстан Президентінің Жарлығында айтылды.

Бұдан былай банкноталар мен монеталарда мәтіндер тек мемлекеттік тілде жазылады. Бұл туралы Қазақстан Президентінің Жарлығында айтылды, - деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. 

Өзгеріс 2018 жылдың 12 желтоқсанында енгізілген. "Ұлттық валюта - Қазақстан теңгесі банкноталары мен монеталары дизайнының тұжырымдамасын бекіту туралы" № 804 Жарлыққа сай банкнота мен монеталарда қолданылатын жазбаның мәтіні енді мемлекеттік тілде ғана жазылады. Ал инвестициялық және коллекциялық монеталарда шет тілдердің жазбаларын қолдануға болады.

Құжаттың алдыңғы нұсқасында былай жазылған еді:

"Банкноталар мен монеталарда мемлекеттік және орыс тілдеріндегі жазулар пайдаланылады. Шет тілінде рәсімделетін басқа елдердің тапсырыстары бойынша дайындалатын коллекциялық монеталарды қоспағанда, коллекциялық және инвестициялық монеталарда жазулардың мәтіні мемлекеттік, сондай-ақ орыс немесе шет тілдерінде рәсімделеді".

Ұсынған: Мақпал Сембай

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір