• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 09:20:13
Алматы
+35°

27 Желтоқсан, 2017 Әлеумет

Енді «талақ» емес, «қарындас»... Түркияда ажырасудың жаңа шарты шықты

Егер күйеуі әйелін «ана» немесе «әпке» деп атайтын болса, олардың некесі бұзылды дегенді білдіреді.

Пәтуаға сәйкес өз әйелін «қарындас» немесе «ана» деп атаған ер ажырасқан болып саналады. Бұл туралы Түркияның дін істері жөніндегі басқармасында жарияланды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

«Егер күйеуі әйелін «ана» немесе «қарындас» деп атайтын болса, олардың некесі бұзылды дегенді білдіреді. Егер одан бұрын ажыраспаған болса, қайта некеге тұру мүмкіндігі бар», - делінген пәтуада.

Бұдан бұрын Түркияның дін істері жөніндегі басқармасы ажырасуға қатысты мынадай пәтуа шығарған – егер күйеуі әйеліне үш рет талақ айтса, ерлі-зайыптылар телефон арқылы, электронды пошта немесе факс арқылы ажырасады. Пәтуаға сәйкес, әйелі «талақ» деп жазылған хабарламаның күйеуінен келгеніне сенімді болуы тиіс.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір