• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 01:45:52
+35°

31 Наурыз, 2019 Айтты-ей, бауырың!

"Енді әншінің орындаушылық қабілетіне баға берерде көп ақылгөйлер ойланып сөйлер"

Аталмыш жазбаны оқыған Димаш Құдайберген Нұрлан Өнербаевқа алғысын білдірді.

Қазақстанның еңбек сіңірген әншісі Нұрлан Өнербаев Димаш туралы пікірі білдірді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасына жазды. 

"Тағы бір жаңа биік. Тағы бір жаңа белес. Құдай бересалған Димаш Құдайбергеннің Мәскеудегі өткен концертінен кейінгі ой. Ән әлеміндегі бұған дейін ешбір әнші жете алмаған биікті,ешбір әнші аса алмаған асуды біздің Димашымыз жетіп қана қойған жоқ, ол одан асып түсті. "Бәрекелді!" - дейміз. Осындай ұлдың өзіңнен шыққанына және қазақ болғанына,қазақ болғанда да қаны бар,намысы бар қазақ болғанынан айналып кетпейсің бе, ағайын. Қашаннан елдің, жердің атын шығаратын да әйгілейтін де сол елдің өнері мен мәдениеті,тарихы болған. Терең тарихы мен бай мәдениетін әлемге өнері арқылы танытып келе жатқан Димаш ұлымыздың бойына көрікті, биязылықты, мәдениеттілікті, өнерді, асқақ үнді Жаратушымыз қазақы мінезбен қосып намысты қылып аямай ақ берген екен. Көмейіне бұлбұл ұя салған деген теңеу Димашқа ғана лайық деп санаймын. Өнер адамы ретінде білетінім, әнді әркім ақ айтады, әңгіме ол, әнді қалай айтқанында, қалай орындағанында. Димаш, дауыс қабілетінің, үн әуезділігінің деңгейін бүгінге дейін ешкім жете алмаған биікке көтеріп тастады. Бұл бес құрлық тыңдармандары мойындаған әлемдік құбылыс екеніне қуануымыз керек. Енді бұдан кейін әншінің орындаушылық қабілетіне баға берерде, сараптама жасарда көп ақылгөйлер ойланып сөйлер болар. Атам қазақ қашаннан бұлақ көрсе көзін ашқан. Көкке ұмтылғанның көмейін тығындамай,етегінен кейін тартып жігерін жаншымаған. Біз бір-бірімізді демесек қана,бір-бірімізге дем беріп көтермелесек қана іргелі ел боламыз. Қазақ елінің,қазақ өнерінің, қазақ әнінің кезекті жеңісі құтты болсын! Сол жеңісті еліне жеткізген Димаштай ұлымыз аман болсын! Жеңісті де жемісті күндері көп болсын өнерпазымыздың", - деп жазды Нұрлан Өнербаев.

Аталмыш жазбаны оқыған Димаш Құдайберген Нұрлан Өнербаевқа алғысын білдірді. 

"Нұрлан аға, сіздердің салған сара жолдарыңызбен жүру біз үшін үлкен бақыт. Жылы лебізіңізге көп рахмет. Сіздің дауысыңызды қатты сағындық. Сізден бата алып жатырған менде арман бар ма?", - дейді Димаш. 

Ұсынған: Әсел Болатқызы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір