• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 07:37:14
Алматы
+35°

03 Сәуір, 2018 Оқиғалар

Елші Карловты өлтіруге бұйрықты Фетхуллах Гүлен берді – Түркия соты

Сот «Карловты өлтіруге бұйрықты Гүленнің өзі берген» деген тоқтамға келген.

Түрік соты «Фетхуллахшылар террористік ұйымының» сегіз мүшесін тұтқындауға ордер берді. Олардың қатарында «Түркиядағы Ресей елшісі Андрей Карловтың өліміне қатысы бар» деген күдікпен ұсталған Фетхуллах Гүлен де бар.

Бұл туралы жергілікті HABERTÜRK телеарнасы хабарлады.

Телеарна дерегіне сүйенсек, сот «Карловты өлтіруге бұйрықты Гүленнің өзі берген» деген тоқтамға келген. Тұтқындалғандардың тағы үшеуі – полиция қызметкерлері. Бұған қоса Guru Medya баспа тобының басшысы, Түркия ақпараттық-коммуникациялық технология басқармасы әрі елші мерт болған фото көрменің ұйымдастырушысы ұсталды.

Бұдан бұрын Гүлен Карловтың өлімі үшін Түркияның арнайы қызметі мен қауіпсіздік қызметі жауапты болуы керек деп мәлімдеген. Ресей секілді мемлекеттің елшісінің қорғанысы күшті болмағанын ессіздік деп те санаған еді.

Еске сала кетейік, 2016 жылы 19 желтоқсанда Анкарадағы фото көрменің ашылуында Ресейдің Түркиядағы елшісі болған Андрей Карловты атып өлтірді. Елдің Сыртқы істер министрлігі оқиғаны теракт деп бағалады. Ал шабуылды Мевлют Алтыншаш есімді полиция қызметкері жасады.

Фетхуллах Гүлен 2016 жылы 16 шілдеге қараған түні Түркияда орын алған төңкерістің басты ұйымдастырушысы ретінде танылды. Қазіргі уақытта ол АҚШ-та. Түрік билігі оппозиционердің елге қайтарлыуын талап еткен, алайда Гүлен төңкеріске еш қатысы жоқ екенін айтып ақталды.  

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір