• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 07:24:09
Алматы
+35°

19 Желтоқсан, 2017 NEWS

Елордада жастар мен жасөспірімдер арасында бокстан турнир өтіп жатыр

Байрақты бәсеке жастар мен жасөспірімдер арасында ұйымдастырылған

Тәуелсіздік мерекесі мен Алаш үкіметінің 100 жылдығына орай Астанада бокстан республикалық ашық турнир өтуде, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Хабар арнасына сілтеме жасай отырып.

Байрақты бәсеке жастар мен жасөспірімдер арасында ұйымдастырылған. Былғары қолғап шеберлерінің додасына еліміздің барлық өңірі мен Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстаннан да боксшылар келген. Ұзын саны 180 спортшы жиналды. Олар жас ерекшеліктері бойынша 7 топқа бөлініп, өзара мықтыны анықтауда.

"Бүгін турнирдің жартылай финалы өтіп жатыр. Рингке 28 жұп шығады. Біздің құрамамыз жақсы өнер көрсетуде. Астана, Алматы қалаларының спортшылары мықты. Ресейліктер де осал емес", – дейді жарыстың бас төрешісі Қанат Сихымбаев.

"Мен өзім 34 келі салмақ дәрежесінде бокстасамын. Жарыс жақсы өтуде. Бізден жартылай финалға 5 бала өтті, финалға да барлығы өтеді деген ойдамын", - деп мәлімдеді жарысқа қатысушы Нұрсұлтан Атамбеков.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір