• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 16:33:03
Алматы
+35°

28 Шілде, 2017 Спорт

Елордада «Astana Open-2017» халықаралық шахмат фестивалі өтуде

29 шілде фестиваль аяқталады. Жеңімпаздар ақшалай сыйлықтарға ие болады.

Елордада «Astana Open-2017» халықаралық шахмат фестивалі өтуде, деп хабарлайды Qamshy.kz  ақпарат агенттігі  Астана әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Қазақстанда мұндай деңгейдегі шара алғаш рет ұйымдастырылды. Фестиваль бағдарламасында әртүрлі форматтағы балалар мен ересектер арасында бес турнир бар, сонымен қатар төрешілер үшін халықаралық шахмат федерациясының семинары өтеді.

Бұл жарыс – дәстүрлі түрде 6 жылдан бері өткізіліп келеді. Фестивальдің ашылу салтанатына халықаралық шахмат федерациясының президенті Кирсан Илюмжинов қатысты.

Фестиваль әлемдік жарыстар алдындағы ерлер, әйелдер мен балалар-жасөспірімдер құрамасының ең маңызды дайындық кезеңі болып табылады.

Биылғы жарыстың ең негізгі ерекшелігі – ауқымдылығында, дейді ұйымдастырушылардың бірі Ержан Шакенов. Алғаш рет бұл жерде 12 елден (Қазақстан, Ресей, АҚШ, Болгария, Египет, Украина, Моңғолия, Тәжікстан, Армения, Белорусь, Өзбекстан, Қырғызстан) алты жүз спортшы қатысуда.

Қатысушылар арасында – халықаралық гроссмейстерлер, шеберлер, әлемдік және азиялық сайыстардың чемпиондары мен жүлдегерлері (Әсел Серікбай, Әмина Қайырбекова, Назерке Нұрғали, Меруерт Камалиденова, Сәтбек Ахмединов, Алдияр Аңсат, Қазыбек Нөгербек және т.б) бар.

Жарыстың бас төрешісі – халықаралық деңгейдегі қазы Сергей Юровский.

Ұйымдастырушылар биыл қатысушылар жарыстан бөлек уақыттарын тиімді өткізетінін айтады. Көбі ЭКСПО көрмесіне баруға ниет танытыпты.

29 шілде фестиваль аяқталады. Жеңімпаздар ақшалай сыйлықтарға ие болады.

 - Бұл фестивальдің жүлде қоры – 11 миллионнан астам теңге. Бірінші орын үшін жеңімпаз екі миллион теңге алады. Жүлде қоры 20-шы орынға дейін қарастырылған, - деді Е.Шакенов.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір