• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 16:08:11
Алматы
+35°

06 Қыркүйек, 2018 NEWS

Елорда тұрғындары қоғамдық көліктерде жол ақысын QR-код арқылы төлей алады

Үш қосымшаның бірін смартфоннан ашыңыз да, автобус салонындағы QR-код жапсырмасын іздеп табыңыз

Жoл aқыны QR-кoдпeн төлey «SMSBus Жoлayшы», «My Beeline» (eгeр Beeline абоненті болсаңыз), Homebank (егер сізде Halyk Bank жәнe Qazkom кaртaлaры болса) мобильді қосымшалары aрқылы жүpгізілeді.

Үш қосымшаның бірін смартфоннан ашыңыз да, автобус салонындағы QR-код жапсырмасын іздеп табыңыз. QR-кодты сканерлеген соң, қосымшадағы нұсқаулықтарды орындаңыз. Төлемді растаған соң, телефон нөміріңізге электронды чегі бар SMS-хабарлама келеді.

Homebank арқылы төлегенде электронды түбіртекті https://smsbus.kz/bilet сайтынан жүктеп алу қажет. Онда телефон нөміріңізді енгізіп, кілт сөз ретінде картаңыздың соңғы төрт цифрын жазсаңыз болады.

Жаңа төлем жүйесі әзірге белгілі бір бағыттағы автобустар мен автопарктерге енгізілген. Ал қыркүйектің 10-нан кейін барлық автопарктерде осы төлем жүйесінің толық іске қосылуы жоспарлануда.

«Қазіргі уақытта QR-кодтары арқылы жол пұлы №1 автопарктің 30 бағытта жүретін, 400-ге жуық қоғамдық көлігінде орнатылған» – дейді Astana LRT компаниясының баспасөз хатшысы Науат Азанбаева.

Ақша сіздің телефон теңгеріміңізден немесе банк картаңыздан алынады. Бұл сіздің «SMSBus Жолаушы» қосымшасына қандай параметрді орнатқаныңызға  байланысты болады. Егер Homebank қосымшасын қолдансаңыз ақша банктік картаңыздан алынады, ал «My Beeline» қосымшасы арқылы өтейтін болсаңыз нөміріңіздің теңгерімінен шегеріледі.

Сондай-ақ, Tele2 және Altel абоненттері Halyk Bank (Qazkom) клиенттері болған жағдайда Homebank қосымшасын қолдана алады.

Айта кетелік, SMS арқылы жол пұлын төлеу қыркүйек айының ортасында мүмкін болады.

Әр автобуста көлік коды бар жапсырма болады. SMS жолдау арқылы жол ақысын төлеу үшін 2505 нөміріне автобус кодын көрсетіп хабарлама жібересіз.

Мысалы, 11001. Мұнан кейін сізге электронды түбіртек келеді. Онда төлемнің құны, қоғамдық көліктің нөмірі, төлем жасалған уақытты көре аласыз.

Сонымен қатар, қосымша арқылы өзге жолаушыға да жол ақысын төлеуге болады. Ол үшін сіз тек қосымшаға өзге жолаушының нөмірін енгізсеңіз жеткілікті.

SMS арқылы жол ақысы енгізілгеннен кейін Beeline абоненті өзінің «Жол ақысы – 1 теңге»  акциясын жолаушыларға ұсынбақшы. Ал қалған 89 теңге аталған компания шотынан өтелетін болады.

Акция ағымдағы айда басталып, айдың соңына дейін жалғасады. Әрі қарай 2018 жылдың аяғына дейін әр дүйсенбіде осындай жүйе жұмыс жасап тұрады. Нақты іске қосу күндері қосымша хабарланады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір