• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 23:36:52
Алматы
+35°

27 Қаңтар, 2019 NEWS

Елімізге белгілі журналист қайтыс болды

Журналист Атырау қаласында сенбі күні аурудан көз жұмыпты. Жерлеу рәсімі 29 қаңтар күні өткізіледі екен

Елімізге белгілі журналист, «Ақ жайық» басылымының негізін қалаушы Әбділдә Мұқашев өмірден озды. Бұл жайында аталмыш басылымның бас редакторының кеңесшісі Сабыр Қайырханов мәлімдеді, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі kaztag.kz сайтының мәліметіне сүйене отырып.

Оның айтуынша, журналист Атырау қаласында сенбі күні аурудан көз жұмыпты. Жерлеу рәсімі 29 қаңтар күні өткізіледі екен.

Әбділдә Мұқашев – жасы 58-де, Атыраудың тумасы. Ол Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін тәмамдап, еңбек жолын типографиядан бастаған, кейіннен «Прикаспийская коммуна» газетінде тілші болып қызмет атқарған.

«Ол 1991 жылы «Ақ жайық» газетін шығарып, кейіннен аталмыш басылым тәуелсіздік жылдарында Атырау жаңалықтарын шығаратын жергілікті басылымға айналды. Сондай-ақ, сөз бостандығы мен қазақстандықтардың құқығын қорғайтын газет болды. «Ақ жайық» газеті бүгінде республика көлемінде өзіндік аудиториясы мен беделі бар басылымдардың біріне айналған. Мұның бәрі, әрине, Әбділдә Мұқашевтің еңбегінің арқасында. Оның өмірден озғаны – отандық журналистикада орны толмас қаза», - дейді Журналистер одағының басшысы Сейтқазы Матаев.

Әбділдә Мұқашев Журналистер одағының мүшесі, Атырау қаласындағы «Ұлттық пресс-клуб» филиалының ұйымдастырушысы және Қазақстандағы беделді журналист болды.

Дайындаған: Назерке Лабихан

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір