• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 03:29:32
+35°

28 Ақпан, 2018 Айтты-ей, бауырың!

«Еліміздегі қалалардың біріне Бораттың ескерткішін орнату керек» (фото)

Қазақстандық Айнұр Нүсіпбекова елімізде туризмді дамыту үшін әйгілі британдық комик Саша Коэнді Қазақстанға шақыруды немесе қалалардың...

Қазақстандық Айнұр Нүсіпбекова елімізде туризмді дамыту үшін әйгілі британдық комик Саша Коэнді Қазақстанға шақыруды немесе қалалардың бірінде оның ескерткішін орнатуды ұсынды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Тourcenter.kz порталының негізін қалаушы Айнұр Нүсіпбекова бұл ұсынысымен әлеуметтік желіде бөліскен.

«Өздеріңіз білетіндей, Қазақстан қазір өзін әлемге таныту үшін белсенді әрекет етуде және сол үшін арнайы Kazakh туризм ұйымы құрылып, елімізге туристтерді тартумен айналысып жатыр. Бірақ, өкінішке орай, Қазақстанның басты проблемасы туристтерді өзіне тарта алмауымен ғана шектелмейді, жалпы көп жерлерде бізді ел ретінде ешкімнің танымауы болып табылады. Қазақстанның көптеген жетістігі бар алайда шетелдіктердің басым көпшілігі Қазақстан десе, Боратты еске түсіріп, бірден тани кетеді», — дейді Айнұр Нүсіпбаева. Сол себепті Борат есімді кейіпкерді сомдаған актер Саша Коэнді Қазақстанға шақыруды ұсынады.

«…Қара пиар деген де пиар. Ол бір ғана фильммен біздің еліміз миллиардтап қаражат жұмсап жатқан жетістікке жетті. Боратпен хабарласып, Астанада қыдыртып, біраз шу шығаруға болады. Бәлкім бірігіп әзіл-ысқақ фильм түсіруге келісуге болатын шығар. Сюжеті бойынша, Борат болашаққа, қазіргі Астанаға келіп, неше түрлі қызықтар көрсетіп, елордамыздың жаңа келбетіне таңғалып жатса… Осы идеяны әрі қарай дамытып, жетілдіруге болады. Дегенмен осы Борат арқылы елімізге керек танымалдыққа қол жеткізіп, қыруар ақша үнемдей аламыз. Мені қатты сынға алмассыздар, айта кетейін: Қарағандыда ма немесе басқа қалалардың біріне Боратқа арнап ескерткіш орнатып, туристтерді сонда апаруға болады», — деп ойын ортаға салды қазақстандық.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір