• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 18:20:19
Алматы
+35°

2019 жылдың алғашқы үш айында Қазақстан Республикасында 280 892 автокөлік тіркелген. Екінші реттік тіркелген темір тұлпарлар үлесі барлық тіркеудің 94 пайызын құрайды. Ал бірінші рет нарыққа шыққалы отырған көліктердегі ең сұранысқа ие түс – ақ, сұр және қара.

Қазақстан АвтоБизнес Ассоциациясының мәліметінше, үстіміздегі жылдың алғашқы кварталында ІІД тіркеген автокөліктер саны 280 892-ге жеткен. бұл санның ішіне жеңіл көлік, жүк көлігі, автобустар, мототехникалар және тіркемелер кіреді. Салыстырмалы түрде қарасақ, бұл көрсеткіш 2018 жылдың алғашқы үш айымен салыстырғанда 8,1 пайызға өскен.

Екінші рет тіркелген техникалар саны – 264 398 (94,13 пайызы). Барлық тіркелген транспорттың жартысына жуығының жасы 20-дан асып кеткен. (118 594).

10-20 жас аралығындағы көліктердің үлес салмағы – 71 590. 3-10 жас арасындағы көліктер саны – 65 866. 3 жасқа дейінгі жаңа көліктер саны – 24 772, оның ішінде 15 444 автокөлік бірінші рет тіркелген.

І кварталдағы бірінші рет тіркеуге тұрған көліктер саны өткен жылмен салыстырғанда, біршама құлаған. 2019 жылы тіркелген жаңа көліктер саны – 16 394. 2018 жылы тіркелген жаңа көліктер саны – 16 494. 100 көлік айырмашылығы пайыздық көрсеткішке біраз әсер етті.

Екінші реттік нарықты қоса есептегенде Қазақстанда сатылым жөнінен жеңіл көліктер көшін Toyota маркасы бастап тұр. Дәл осы марканың түрлі модельдерінен алғашқы үш ай ішінде 41 671 көлік сатылған. Екінші орында - Lada (ВАЗ) – 39 353. Үздік үштікті 20 934 сатылым мөлшерімен Volkswagen түйіндеді.

Модельдер текетіресі

Қазақстандағы кез-келген жылда шыққан жалпы модельдер арасында Toyota Camry көш бастап тұр. Сатылым мөлшері – 16 691.

90-жылдары шыққан Volkswagen Passat (9081) екінші орында.

Үшінші орын Volkswagen – Golf (5 863) моделіне бұйырды.

Ал бестікті Daewoo Nexia (5 349), Audi 100 (5 098) модельдері түйіндеп тұр.

Қалалар бәске түсті:

  1. Алматы облысы – 42 295
  2. Алматы маңы аймақтары (қала) – 35 247
  3. Түркістан облысы – 26 989

Қалалардағы жаңа көліктердің үлес салмағы:

  1. Алматы – 3 346
  2. Нұр-Сұлтан – 2407
  3. Атырау облысы – 1349

Ескерту!

Аталған сандардың барлығы кез-келген жолмен (сыйға, жалға беру) тіркелген автокөліктердің қосындысы.

Әділет Мәдениет

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір