• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 07:31:05
Алматы
+35°

29 Тамыз, 2018 Спорт

Елдос Сметов денсаулығына байланысты жарысты жалғастыра алмады

Жакартада өтіп жатқан Азия ойындарында Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Елдос Сметовты жарыстан кейін ауруханаға алып кетті

Жакартада өтіп жатқан Азия ойындарында Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Елдос Сметовты жарыстан кейін ауруханаға алып кетті, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап. 

ҚР Ұлттық олимпиадалық комитетінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, дзюдодан Қазақстан командасының көшбасшысы Елдос Сметов Жакартада ауруханаға жеткізілді. Бірінші айналымда қарсыласын айқын басымдықпен жеңген Елдос екінші кездесуде Солтүстік Корея балуанынан ескерту санымен ұтылған болатын. Осы жекпе-жектен соң Елдос Сметовті ауруханаға алып кетті.

«Жаңа ғана Елдосты жедел жәрдеммен ауруханаға алып кетті. Рентгеннен өткізеді. Екінші белдесу кезінде жарақат алған. Оң жақ қабырғасы сынды деген болжам бар», - дейді дзюдодан Қазақстан командасының дәрігері Наталья Кудашева.

Айта кетелік, Елдос Сметов жұбаныш белдесуіне де шыққан жоқ.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір