• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 09:08:39
Алматы
+35°

04 Ақпан, 2019 NEWS

Елбасының Жарлығымен Ерлан Нұрғалиев Барыс орденімен марапатталды

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев браконьерлердің қолынан қаза тапқан Ерлан Нұрғалиевті  ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев браконьерлердің қолынан қаза тапқан Ерлан Нұрғалиевті  ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Ақорданың ресми сайтының дерегін негізге алып. 

Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қызметтік борышын атқару үстінде көрсеткен ержүректігі мен жанқиярлығы үшін наградталсын:

ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен

Ницык Петр Алексеевич - Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК Орталық өңірлік филиалының инспекторы.

♦Ерлан Нұрғалиевті өлтірді деген күдіктілер ұсталды

Нұрғалиев Ерлан Балғабекұлы (марқұм) - Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК Орталық өңірлік филиалының инспекторы.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Мәжіліс депутаттары, қоғам белсенділері «Охотзоопром» инспекторы Ерлан Нұрғалиевке «Халық Қаһарманы» атағын беруды ұсынған болатын. 

♦"Ерлан Нұрғалиевті қайтыс болған соң танып жатырмыз, себебі ол..."

Депутат Жамбыл Ахметов мемлекеттік қызмет саласында жүріп, соңына дейін күресіп, қаза тапқан қорықшыны марапатқа ұсынуды сұраған. 

«Кейбір еріктілер оның есімін ұлықтау мақсатында қолында еліктің лағын ұстап тұрған суретінің негізінде ескерткіш орнатпақшы. Мұның барлығы халықтың өз батырын қалай құрметтейтінін көрсетеді. Сонымен қатар, браконьерлермен күрес жолында ерлік танытқан Ерланның әріптесі – Петр Ницык те марапатқа лайық деп санаймыз», - деді депутат Жамбыл Ахметбеков.

Ұсынған: Әсел Болатқызы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір