• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 21:51:15
Алматы
+35°

05 Мамыр, 2017 NEWS

Елбасының ұстазы, ғасыр жасаған қария арманымен бөлісті

Алматыдағы Тұңғыш Президент қорында ұлағатты ұстаз, Ұлы Отан соғысының ардагері Сейітхан Исаевпен кездесу өтті, деп хабарлайды

Алматыдағы Тұңғыш Президент қорында ұлағатты ұстаз, Ұлы Отан соғысының ардагері Сейітхан Исаевпен кездесу өтті, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі Хабар арнасына сілтеме жасап.

 Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа сабақ берген Сейітхан ата биыл 100-ге келеді. Ғасыр жасаған ұстаз әскер қатарына 1941 жылы алынып, Батыс фронтта жауға қарсы соғысқан. Зайыбы Нұрғайын әжей де қан майданға қатысқан. У-2 ұшағында штурман болыпты. Соғыстан кейінгі өмірін майдангер шәкірт тәрбиелеуге арнаған.

Қанша жасқа келсе де, өмірде белсенділік танытып жүруіне жастармен жиі кездесіп, сырласып тұруы әсер етеді екен.

«Армансыз адам қанатсыз құспен тең. Бұл сөз бекер айтылмаған. Расында, армансыз өмірдің мәні жоқ. Менің жасым 100-ге келсе де, армандаудан жалыққан емеспін. Жастарымыз білімді, өнерлі, саясаткер, еліміздің дәстүрін, жерін, халқын, тарихын таныстыратын белсенді күрескер болса екен деп армандаймын», - деп ағынана жарылды ақсақал.

Бес бала өсіріп, немере-шөберелерінің жанында марқайып жүрген қарияны шәкірттері ешқашан ұмытқан емес. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір