• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 09:58:41
Алматы
+35°

07 Қыркүйек, 2018 NEWS

Елбасының арманы: Қарағанды миллионер қала болуы керек

70 жылдары ССРО көмір өнеркәсібі министрлігі көмірді шығару үшін қаланы Оңтүстік Шығысқа көшіруді жоспарлаған.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қарағандының миллионер қала атанғанын қалайды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

«Бүгін маған Қарағандының ашық алаңдағы жаңа орталығын көрсетті. Есіме таза, ашық алаңда Астананы салған кезім түсті. Ондай жерде кез келген архитектуралық ойларыңды жүзеге асыра аласың. Қаланың орталығы осында болады. Бұл жерде жұмыс істеп жүргенімде қазіргі уақытта әкімдік пен өзге де зәулім ғимараттары бар Қарағандының астында жоғары сапалы көмірдің миллиардтаған тоннасы жатқанын білетін едік.

70 жылдары ССРО көмір өнеркәсібі министрлігі көмірді шығару үшін қаланы Оңтүстік Шығысқа көшіруді жоспарлаған. Бәлкім, бәрі бірден бола қоймас. Бірақ үлкен қаланы дәл осы орталықта салу керек», - деді мемлекет басшысы Қарағанды облысын әлеуметтік-экономикалық дамыту туралы отырыс барысында.

Назарбаевтың пікірінше, Қарағанды төртінші миллионер қала атануға әбден лайық әрі мүмкіндігі зор.

«Бүгінде қалада 500 мың адам тұрады. Қарағандының миллионер қала атанғанын қалаймын. Алматыда 2 миллионға жуық адам бар, Астанадағы миллион тұрғын 2030-а дейін екі миллионға жетіп қалуы ғажап емес. Шымкент те миллионер қала бүгін. Ал енді миллионер қалалардың санатына Қарағанды қосылуы керек. Ол үшін адамдардың жұмыс істеуіне ыңғайлы кәсіпорындарды дамыту керек», - деді Елбасы.

Айта кетейік, Нұрсұлтан Назарбаев ресми сапармен Қарағандыға барған. Онда Елбасына тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандардың құрылысы туралы баяндалды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір