• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Сәуір, 13:28:10
Алматы
+35°

23 Сәуір, 2019 Саясат

Елбасыны терең түсінетін, лайықты тұлға – Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев

Елбасыны терең түсінетін, лайықты тұлға – Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев

Бүгін, 2019 жылғы 23 сәуір күні «Nur Otan» партиясының кезектен тыс өткен ХІХ съезінде, партия Қазақстан Республикасының Президенттігіне Қасым-Жомарт Кемелұлының кандидатурасын ұсынды.

Бұл, көптің көкейінде жүрген шешім болды. Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекет Басшысы лауазымына ең лайықты кандидат деп санаймын.

Бүгінгі күнге дейін ел жүгін абыроймен арқалаған Елбасы – Нұрсұлтан Назарбаев, өзінің ұзақ мерзімді стратегияларымен, бағдарламаларымен ел болашағын баянды, келешегін кемел етуге негізделген даму картасын жасап берді.

Міне, осы жобаларды терең түсінетін, іске асыратын бірден-бір лайықты тұлға – Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев. Ол кісі мемлекеттік қызметтің түрлі саласында жүріп өткен жолында, адал қызметінде өзінің терең білімі мен тәжірибесін көрсете білді. Іскер азамат екендігін дәлелдеді. Сондықтан, халықтың басым көпшілігі ол кісіні ел үшін еңбек еткен қайраткер ретінде таниды және құрметтейді.

Ал, қорыта айтқанда осы күнгі ауызбіршілігіміз, тұрақтылығымыз бен қарыштай дамуымыз Тәуелсіздіктің арқасы. Бұл біздің ауызымыз аққа тиген уақыт. Алдағы уақытта да осындай елім дейтін ерлер барда, ел халқы игілікке жеткен заман болсын деп тілеймін.

 

Аягүл Төреқызы Миразова                                                                                                  

                                 Қазақстанның Еңбек Ері,                                                                                  

«Алтын жұлдыз», «Отан» ордендерінің иегері                                                                                

 Қазақстанға еңбегі сіңген қызметкер,

Алматы қаласының,

Жамбыл облысының,

Жуалы ауданының

Құрметті азаматы

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір