• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 23:22:42
Алматы
+35°

15 Наурыз, 2017 NEWS

ЕЛБАСЫҒА ХАТ: НҰРСҰЛТАН АТА, МЕНІҢ НАНЫМДЫ ТАРТЫП АЛДЫ

Алматы қаласының тұрғыны, 7 сынып оқушысы Елбасыға хат жазып, оны фейсбук әлеуметтік желісінде жариялады деп хабарлайды

Алматы қаласының тұрғыны, 7 сынып оқушысы Елбасыға хат жазып, оны фейсбук әлеуметтік желісінде жариялады деп хабарлайды "Қамшы" порталы. Хаттың авторымен емес портал қыздың әкесімен тілдесті. Бәрі хатта айтылғандай болып шықты. Ескере кететін бір жайт, біздің портал еркін ой-пікір алаңы болып табылады. Қаршадай қыздың өз басының мәселесін қозғап, әділдік іздеген хатын жарияламасқа болмайды. Дегенмен екінші тараптың да жауабын жариялауға дайынбыз.


"Аса Қадірлі Нұрсұлтан ата! Сіз біздің болашағымыз үшін үлкен жұмыс жасап жатырсыз. Бірақ, сізге қарсы, біздің болашағымызға қарсы адамдар менің сәби жүрегімді жаралады. Нұрсұлтан ата! Мен Алматы қаласының тұрғыны Құсаинғазина Жамила Нағызқызы болам. Менің сізге өтінішім, менің қолымдағы нанымды Маңғыстау обылысы Ақтау қаласында, 9-ықшам ауданы,4-үй, 90 пәтерде тұратын « ВиКР плюс» ЖШС –нің қожайыны Крыжанюк Владимир Иванович тартып алды. Болашағымды бұлыңғыр етті. 
Анығырақ айтсам: Крыжанюк Владимир Иванович әкем кәсіпкер Құсайынғазыұлы Нағыздың 116 мллион 159 мың 176 теңгесін бермей отыр. Әкем бір неше жыл соттасып тентіреп жүріп әділдікке зорға жетті... Бірақ сол алдамшыға заң орындарының қуаты жетер емес. Ол менің нанымды жеп, бостандықта мәз болып жүр. Өз жерімізде өзіміз неге тоналуымыз керек? Кім бізге көмектесе алады?! Біздің отбасымыз тығырыққа тірелді... 
Сіз, «Балалар біздің болашағымыз»- дейсіз, болашағыңыздың қолындағы нанды тартып алған адамнан сіз мықты емессіз бе?! Маған көмектесіңіз! Болашағыңызға көмектесіңіз! Сол ақшаны алып беруге көмектесіңіз! Сізден басқа үмітіміз жоқ!

Алматы қаласы, 55 мектеп 7 сынып оқушысы
Құсаинғазина Жамила Нағызқызы [email protected] 87474014658

 

Zhazira Baidaly

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір