• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 13:52:05
Алматы
+35°

11 Тамыз, 2018 NEWS

Елбасыға Құрық портындағы мультимодальдық көлік хабы таныстырылады

Құрық порты Каспий теңізінің шығыс жағалауында орналасқан.

Бүгін ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Құрық портындағы мультимодальдық көлік хабын таныстыруға арналған салтанатты шара өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат

Осы айтулы шараға оннан астам елден келген көлік-логистикалық компаниялардың өкілдері қатысуда. Олардың арасында Әзербайжан, Иран, Қытай, БАӘ, Ресей, Тәжікстан, Түркіменстан, Түркия, Өзбекстан және басқа да елдердің мамандары бар. 

Айта кетейік, Құрық порты Каспий теңізінің шығыс жағалауында орналасқан. Ауа райының қолайлылығына байланысты портта қысы-жазы тоқтаусыз автокөлік пен теміржол паромы жұмыс істейді. Каспий теңізі арқылы батыс бағдарда экспорттық әлеуетті күшейту үшін паром қызметін қолдану жайы Мемлекет басшысының 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол -Болашаққа бастар жол» атты Жолдауында айтылды. «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының синергиялық жобасы Құрық портында қосарланған технологиялық инфрақұрылымды жасақтауға мүмкіндік берді. Боржақты-Ерсай теміржол желісі салынып, порт айдынына тірелді. Қазіргі кезде Ақтау мен Құрық портын жалғайтын үшінші техникалық категориядағы екі жолақты жолы салынуда. Сонымен қатар, Атырау- Астрахань жолы салынуда. Бұл екі жолды салудағы мақсат - Өзбекстан, Ресей, Қытаймен жүк жеткізу мерзімін азайтып, тауар айналымын күшейту. Бұл ел экономикасын дамытуда жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Жоба аясында Ақтау портының солтүстік жағалауын кеңейту кезінде үш терминалдық нысан іске қосылды. Бұл өз кезегінде басты жүктерді өткізу көлемін екі есеге өсірді.

Естеріңізде болса, Құрық портындағы өткізу кешені нысандарының құрылысы 2015 жылы сәуірде басталды. 2016 жылғы 6 желтоқсанда Мемлекет басшысының қатысуымен өткізілген Жалпыұлттық телекөпір кезінде порттың алғашқы өткізу кешені мен теміржол жолы іске қосылды.

«Құрық порты бізді Кавказ бен Еуропаға шығарады. Бұл - біздің жаңғыртуды дамытудағы көптен күткен жобамыз»,-деп атап өтті Н. Назарбаев. 

Ал 2017 жылғы 6 желтоқсанда Жалпыұлттық телекөпір кезінде Құрық портындағы Автокөлік айлағы мен автомобиль паромына арналған гидротехникалық ғимарат тестілік режімде іске қосылды.  

2017 жылы 19 қазанда Құрық портының теміржол паромы терминалы алғашқы миллион тонна жүкті өткізді. 2017 жылы 1,5 миллион тонна жүк өткізіліп, 320 кеме портқа кірген. 2017 жылы желтоқсанда Құрық портында «Әзербайжан Каспий теңіз кеме көлігі» ЖАҚ Ro-Ro типіндегі «Бястякар Гара Гараев» кемесімен жеңіл және жүк автокөліктері өткізілді. Паром кешені астық, мұнай өнімдері, тыңайтқыш, химиялық заттар мен басқа да жүктерді өткізе алады. Мұнда биылғы 7 айда 1,2 миллион тонна жүк өткізілген. 

Порт аумағында 4 аймақ бар: түсіру-тиеу кешенінің операциялық жұмыс орны, технологиялық операция өндірістік аймағы, жалпы порттық нысандар аймағы және жолаушылармен жұмыс аймағы.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір