• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 00:03:26
Алматы
+35°

03 Мамыр, 2018 NEWS

Елбасы жоғары әскери және арнаулы атақтар беру туралы Жарлыққа қол қойды

ҚР Президенті бірқатар тұлғаларға жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер және біліктілік сыныбын беру туралы Жарлыққа қол қойды.

Елбасы 2018 жылдың 3 мамырында бірқатар тұлғаларға жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер және біліктілік сыныбын беру туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қаулы етті:

Генерал-лейтенант әскери атағы Жанжүменов Талғат Жеңісұлына;

ұлттық қауіпсіздік генерал-лейтенанты арнаулы атағы Білісбеков Нұрғали Дәулетбекұлына, Өсіпов Марат Сапарұлына;

сыртқы барлау генерал-лейтенант арнаулы атағы Байжанов Ғабит Жақыпбайұлына;

2-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі сыныптық шені Кененбаев Ерлік Әбдірақымұлына;

генерал-майор әскери атағы Абыкеев Ұларбек Ташықұлұлына, Әбубәкіров Қаныш Асанханұлына, Бочаров Дмитрий Владимировичке, Көпбаев Қайрат Рашидұлына, Қалиев Арман Зарлықұлына, Ізтілеуов Серік Бақытжанұлына;

авиация генерал-майоры әскери атағы Подгайский Евгений Евгеньевичке;

ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры арнаулы атағы Оңғарбаев Сабыржан Ибрагимұлына, Рақымбердиев Бақытбек Төлешұлына;

сыртқы барлау генерал-майоры арнаулы атағы Оразов Нұрлан Оразұлына;

полиция генерал-майоры арнаулы атағы Абисатов Махамбет Хайыржанұлына, Баймурзин Арманбек Хакімбекұлына, Қабденов Мұрат Талапұлына, Сүлейменов Жанат Қуанышұлына;

3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі сыныптық шені Дембаев Болат Бекназарұлына, Жылқыбаев Азамат Сембайұлына;

3-санатты жоғары біліктілік сыныбы Әзбергенов Дулат Байдалыұлына берілсін. 

Assem Almuhanbet

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір