• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 18:11:42
Алматы
+35°

22 Шілде, 2017 NEWS

Елбасы Үндістанның жаңа президентін құттықтады

Нұрсұлтан Назарбаев Рам Натх Ковиндке Үндістан Республикасының Президенті болып сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Рам Натх Ковиндке Үндістан Республикасының Президенті болып сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Мемлекет басшысы барша Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан жаңадан сайланған Үндістан Республикасының Президентін құттықтады.

"Біз халықтарымыздың өсіп-өркендеуі жолында достық қарым-қатынасымыз бен тығыз ынтымақтастығымызды нығайту үшін бар күш-жігерімізді жұмылдыратынымызға сенімдімін. Сізге зор денсаулық, жауапты қызметіңізге табыс, ал достас Үндістан халқына бейбітшілік пен бақ-береке тілеймін", - делінген жеделхатта.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір