• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 18:09:05
Алматы
+35°

02 Маусым, 2017 Саясат

Елбасы Түркияның вице-премьері Тұғрұл Түркешпен кездесті

Елбасы Түрік Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Тұғрұл Түркешпен кездесті, деп хабарлайды

Елбасы Түрік Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Тұғрұл Түркешпен кездесті, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесуде Қазақстан Президенті Түркияның бізге жақын әрі ағайын елдердің бірі екенін атап өтті.   

– Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бергі 25 жыл ішінде біздің  өзара қарым-қатынасымыз барлық бағыт бойынша ілгерілеп, дамып келеді, – деді Мемлекет басшысы.

Т.Түркеш өзін қабылдағаны үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айтып, Түрік Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоғанның сәлемін жеткізді.

– Түрік Республикасы мен Қазақстан арасындағы қатынастардың тамыры тереңде. Қазақстанның халықаралық ұйымдар қызметіне, әсіресе, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде белсене қатысуы Түркия үшін маңызды, – деді Түркия Премьер-Министрінің орынбасары. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір