• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 18:59:49
Алматы
+35°

11 Маусым, 2018 Саясат

Елбасы Қытаймен ынтымақтастықтың келешегіне зор сеніммен қарайды

Елбасы ҚХР-мен ынтымақтастықтың автомобиль өндірісін дамытуға септігін тигізетінін мәлімдеді.

Елбасы Қытаймен ынтымақтастықтың келешегіне зор сеніммен қарайды. Бұл туралы Нұрсұлтан Назарбаев Қытайда БАҚ өкілдерімен өткен брифинг барысында айтты.

– Өткен келіссөздердің нәтижесінде Қытай тарапы біздің делегацияға үлкен сеніммен қарайтынын айтты. Мен осымен Қытайдың төртінші төрағасымен жұмыс істеп отырмын. Алғашқы төрағамен біз шиеленісіп тұрған шекара мәселесін талқыладық. Екіншісімен экономикалық мәселені сөз еттік. Ал Ши жин пиңмен өзара сенімді нығайту мәселесіне мән бердік. Мемлекеттер арасында шешілмеген мәселе қалған жоқ. Осы уақытқа дейін 51 жобамен келістік. Индустриялық инновациялық жобаны жүзеге асырып жатырмыз. 1200 кәсіп салдық. Біздің міндет шикі ресурстардан тәуелсіз альтернативтік экономика құру. Бүігнде мұнай-газдың бағасы 30 долларға дейін төмендеді. Металл бағасы да түсті, сол себепті бізге қиын. Біздегі ресурстарға сеніп қалуға болмайды, әлемдегі экономиканың турбуленттілігі бәрімізге белгілі. Бүгін мұнайдың бағасы жақсы болса, ертең дәл сондай жақсы болатынына ешкім кепілдік бере алмайды. Сол себепті алға қарай қалай жылжуға болады, табысқа жету үшін не істеу керек, экономика қандай жағдайда өседі – осы сұрақтардың жауабын іздестірген жөн», - деді Елбасы Циндаода өткен брифинг барысында.

Бұған қоса Елбасы ҚХР-мен ынтымақтастықтың автомобиль өндірісін дамытуға септігін тигізетінін мәлімдеді.

–Егер экономика жыл сайын көтерілмесе, біздің жаңа зауыттар мен кәсіпорындарын салатын мүмкіндігіміз болмайды, ондайда адамдардың қажеттілігін қамтамасыз ете алмаймыз. Сол себепті 51 жобаның төртеуі іске қосылды, алтысы биыл қосылады. 18-ін алдағы жылы қосамыз. Бұл нысандар ұсақ болып көрінгенімен, маңызы зор. Мәселен, цемент зауыты немесе Қостанайдағы автомобиль зауыты. Сапар аясында Аллюр зауытына қытайлық капитал 49 пайызбен кіріп, 1,1 млрд доллар инвестиция құяды деп келісілді. Автомобиль өндірісі 100 мың данаға жетеді. Осымен бітпейді. Мен барлық бөлшектер елімізде шығарылуы тиістігін айттым. Демек, мұның барлығы да біздің кәсіпорындарда жасалады, - деді Елбасы.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір