• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 22:16:57
Алматы
+35°

17 Шілде, 2018 Әлеумет

Елбасы Павлодар облысының әкіміне: Ұят! Мұны ешкімге көрсетпе!

Назарбаевқа жаңадан ашылған Маралды демалыс орталығы таныстырылды.

Бүгін мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Павлодар қаласына барды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сапары барысында Елбасы бірқатар өнеркәсіп орындарын аралады. Бұған қоса Назарбаевқа жаңадан ашылған Маралды демалыс орталығы таныстырылды. Аталған орталық қаланың туристік әлеуетін дамыту мақсатында ашылған.

Алайда президентті Маралдыдағы жағдайға көңілі мүлде толмады. Облыс әкімі Болат Бақауовқа «мұндай масқараны ешкімге көрсетпе» деп бұйырып салды.

«Қазір Болат Маралды демалыс орталығымен таныстырды. Бұл масқара ғой! Ұят! Адамдар аяқтарынан тік тұрып жүр, отыратын орын жоқ. Жиналған жұртты көрдің бе? Қонақ үйлер түгілі отыратын орын да жоқ қой? Тіпті шатыр да жоқ. Бұл нағыз масқара! Адамдардың көңілін аулайтын орын көріп тұрған жоқпын», - деді Мемлекет басшысы.

Осыған орай Назарбаев Маралдыға инфрақұрылым жүргізу керектігін ескертті.

«Онда апаратын жолды жөндеп, байланыс орнатып, кәдімгі бизнес жасауға болады. Сонда адамдар да көптеп жиналады. Неге павлодарлықтар ол жерде екі қабатты коттедждер, кішігірім қонақ үйлер салмайды? Қазақстан бойынша инфрақұрылымды не үшін дамытып отырмын? Инфрақұрылым үшін қордан 9 млрд доллар бөлдім. Қазақстандағы 5,5 мың шақырым жол жөнделу керек. Бес жыл ішінде 4,5 мың шақырым жол салдық, әлі 5 мың шақырым жол бар. Әлемнің қаржылық институттары бізге сеніп, қаражат беріп отыр.

Міне, қазір Астанадан Павлодарға дейін 3 сағатта жетіп барасың. Әрі қарай Баянауылға жеңіл жететіндей жол салынады. Мұның бәрі халық үшін», - деді президент.

Маралды Ертіс алабындағы тұзды көл. Оның батпақтары бірнеше дертке дауа. Айта кетерлігі, ревматизм мен бұлшық ет ауруларын жазады.

Gulim Zhaqan

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір